Тұмаудың алдын алыңыз
Қазір тұмаудың өршіп тұрғанда уақыты. Осыған байланысты аурудың алдын алу, оны емдеу жайлы Ұлттық госпиталдің салауатты өмір салтын ұстану бойынша маманы, дәрігер Флюра Коммунақызы Сымайыловамен сұхбаттасып, бірнеше сауалымызға жауап алға едік.
-Бұл кезде вирустық инфекциялар «оянуды» бастайды және салқын ауа райында белсенді болады. Ол барлық жерде, қоғамдық орындарда, көлікте, оқу және жұмыс орындарында кездеседі -деп әңгімесін бастады дәрігер.
Маусымдық тұмау вирустарының 4 түрі бар – А, В, С және Д типтері. А және В тұмауы вирустары тез тарайды және аурудың маусымдық эпидемиясын тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сарапшыларының мәліметі бойынша жыл сайын маусымдық тұмаудың 1 миллиардқа жуық жағдайы тіркеледі.
Оның ішінде 3–5 миллион ауру асқынуларға әкелетін ауыр түрлері. Аурудың белсенділігінің бірінші аптасында науқас адам басқаларға ең үлкен қауіп төндіреді. Ол түшкіргенде немесе жөтелгенде айналадағы бірнеше адам ауру жұқтырады. Осылайша, вирустық инфекция тізбек секілді көптеген адамдарға таралып кете барады. Біздің денеміздің негізгі қорғаушысы иммундық жүйе екендігі белгілі. Иммунитетіміз неғұрлым күшті болса, инфекциялар соғұрлым аз болады. Біз күн сайын вирустар мен бактериялармен байланыста боламыз, бірақ барлығы бірдей ауырмайды. Дененің қорғаныс қабілетінің төмендеуіне ықпал ететін факторларға гипотермия, стресс, зиянды әдеттер, дұрыс тамақтанбау, түнде ұйқының болмауы, семіздік, созылмалы аурулар жатады.
Олардың барлығы иммундық жүйеге теріс әсер етеді. Әлсіз иммундық жүйе микробтарға төтеп бере алмайды, олар біздің денемізге оңай еніп, тыныс алу органдарының ауруларын тудырады. Бұдан шығатын қорытынды – иммундық жүйені нығайту және сақтау керек. Дұрысы тұмауға қарсы екпе алу. Екпе салдырған адамда аурудың жеңіл түрде өтеді. Оның денесі осы инфекцияға қарсы иммундық қорғаныс қалыптастырады яғни. антиденелер түзіледі. Ал вируспен қайта кездескен кезде иммундық жасушалар инфекциямен оңай күреседі» -дейді Флюра Коммунақызы
-Тұмауды жұқтырғаннан кейін адам ауруы мүмкін, бірақ жеңіл өтеді және асқыну болмайды. Ал екпе алғандардың басым көпшілігі мүлде ауырмайды. Бұл тұмаудың таралу тізбегін тоқтату үшін өте маңызды.