Адамның папилломавирустық инфекциясы (HPV) – папилломалардың, сүйелдердің және жыныс сүйелдерінің пайда болуын тудыратын өте кең таралған вирустар тобы. HPV-нің ең қауіпті көрінісі – ерлерде жатыр мойны обыры, HPV жыныс мүшесінің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Вирус сонымен қатар ауыз қуысының, көмейдің және тік ішектің қатерлі ісігінің пайда болуына әсер етеді. Бұл вирус жайлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету бөлімшесінің онколог дәрігері Нұрбол Бейсенқұлұлы Айазбаев мынандай ақпарат ұсынады:
-HPV-нің ең онкогенді түрлері 16 және 18 типтері болып табылады. Вирус негізінен жыныстық және тұрмыстық қатынас арқылы таралып, сондай-ақ босану кезінде анадан балаға беріледі. Инфекция иммуните төмендеген кезде өршиді. Негізі аурудың белгілері ұзақ уақыт бойы байқалмайды. HPV-ге қарсы иммунитет тұрақты болмаса сіз өміріңізде бірнеше рет HPV жұқтыруыңыз және бір мезгілде вирустың бірнеше түрін жұқтыруыңыз мүмкін. HPV-нің ең көп таралу жағдайы ерлер мен әйелдер жыныстық қатынасқа түскеннен кейін, көбінесе 17 мен 33 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Вирусты жұқтыру мен қатерлі ісіктің дамуы арасындағы уақыт 10 жыл немесе одан да көп болуы мүмкін.
Инфекцияға әсер ететін факторлар: иммун тапшылығы жағдайлары (соның ішінде АҚТҚ), сәулелік терапия, цитостатиктермен емдеу, жыныстық белсенділіктің ерте басталуы, жыныстық серіктестің жиі өзгеруі, интимдік гигиена ережелерін сақтамау, HPV алдын алу әдістерін елемеу, жағымсыз әдеттер.Мамандандырылған көмек көрсету бөлімінің онколог –дәрігер сондай-ақ папилломавирустық инфекциясының алдын алу үшін иммундық жүйені нығайту қажет екенін айтады. Сау және күшті иммундық жүйе инфекцияны өз бетінше жеңе алады.Алдын алу шараларына тоқталсақ. Адамдармен араласу барысында жеке бас гигиенасын сақтау, бір сау жыныстық серіктеспен қарым-қатынас жасаудан, азғындық әрекеттерден аулақ болу. HPV вирусын тасымалданатынын естеп сақтап, қырыну және шашты алу кезінде сақтық шараларына мән беру керек -дейді онколог Нұрбол Бейсенқұлұлы. HPV инфекциясының алдын алудың ең тиімді және қауіпсіз шарасы – екпе. Ол жатыр мойны обырынан болатын өлімнің 95% алдын алады. 11 жастан асқан қыздар мен ұлдарға – жыныстық белсенділіктің басталуына дейін екпе салдырған жөн. Бұл қатерлі ісікке шалдығу қаупін 1%-ға дейін төмендетеді. Сонымен қатар, егер организмде вирустың бір түрі анықталса, вакцинаны басқа штамдардан қорғау үшін де қолдануға болады.