Қасиетті Рамазан айы да келіп қалды. Мұсылманның бес парызының бірі оразаның пайдасы жайлы Ұлттық госпитальдің гериатр-дәрігері Әсемгүл Байкенова төмендегідей ақпарат ұсынды. Ораза ұстаудың негізгі 5 пайдасы: Жасушалар жаңарады, ораза кезінде ағза қажет емес және ескі жасушаларды жоюға қабілетті болады. Соның нәтижесінде жаңа, сапалы жасушалар түзіледі. Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді. Егер ораза ұстаған адам ауыз ашқан соң, тамақ мөлшерін шектеумен жүрсе, артық салмақтан арылады. Тері ауруларына да пайдасы зор. Адам ораза тұтқан кезде қандағы су мөлшері азаяды, яғни ерідегі су құрамы да кемиді деген сөз. Бұл – терінің қуатын арттырып, зиянды микробтар мен бактерияларға қарсы тұруға көмектеседі. Қанның қоюлануың алдын алады. Ауыз бекіту кезінде денедегі майдың құрамы яғни холестерин мөлшері де азаяды. Бұл атеросклероз (қан тамырларының майлануы) және жүрек пен мидағы қанның қоюлануының алдын алады. Ең бастысы – ас қорыту жүйесі дем алады. Дегенмен, адам ағзасы өзінің табиғи функцияларын атқарады және тамақ қорытуға арналған сөл әдеттегіден аз мөлшерде бөлінеді. Бұл адамның сөл бөлу жүйесін жақсартып, бір қалыпқа түсіреді. Ораза кезіндегі тамақтану тәртібі: Тағам қабылдау уақытын өткізіп алмаған дұрыс (ауызашарды уакытылы ішу, сәресіге ояну). Жейтін тағам тазаланған, іріктелген, кайнатып, жаңа пісірілген болуы керек. Қуырылған, ащы, сірке суы және майонез, кетчуп косылған тағамдар мен газдалған сусындарды қабылдауға болмайды. Ауызашарға барғанда тағамды өз талғамыңызбен мөлшерлеп жеуге тырысыңыз. Көбінесе пісірілген тағамдар болуы қажет.Сусын мен суды тамақтан кейін ішу керек және суды молынан ішу керек. Түрлі созылмалы аурулары бар адамдар ауыз бекіту үшін алдын- ала тексерулерден өтіп, өзінің ағазасындағы жетіспеушіліктің орнын толтырған жөн. Сосын талдама өткізіп, жағдайына қарап барып, шешім қабылдаған дұрыс.