НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Онкохирургия бөлімшесі

Онкохирургия бөлімшесі

   Біздің бөлімшеде онкохирург дәрігерлер іш қуысының, ретроперитонеальді іш қуысынан тыс кеңістіктің, кіші жамбас пен кеуде жасушалары органдарының қатерлі ісіктерін хирургиялық емдеудің әртүрлі әдістерін қолданады.

   Олардың ішіндегі ең күрделісі – асқазан-ішек жолдары, бауыр, ішектің, бүйрек үсті бездерінің, бүйректің лапароскопиялық резекциясы, тік ішек ісіктеріне арналған сфинктерді сақтайтын операциялар, тік ішек ісіктеріне арналған операциялар, өт жолдарына, ұйқы безіне, бауырға операциялар, парааортальды лимфаденэктомиялар.

   Сондай-ақ, онкохирург дәрігерлер кіші жамбас органдарына операция жасайды:

  • жамбас лимфаденэктомиясы;
  • Брикер және Штудер бойынша қуық пластикасы бар радикалды цистэктомиялар;
  • радикалды, соның ішінде нейроүнемдейтін простатэктомиялар.

   Онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Хорошаш Галия Насибулловна – онкохирург-дәрігер, онкоуролог, жоғары санатты онколог-дәрігер, Мюнхендегі Санкт-Галена Халықаралық еуропалық конгресстердің қатысушысы, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.

   Онкохирургия бөлімшесінің жетекші дәрігері Абзалбек Естай Шайхибекұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург, 60-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы, 10 авторлық өнертабысы бар. Сеул, Шанхай, Стамбул, Нагасакиде «хирургия» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтті. Рим, Ташкент, Қазан, Лионда әр түрлі конференциялар мен съездерде баяндама жасады. Қазақстанда алғаш рет асқазан обыры мен өңеш обыры кезінде аз инвазивті операциялар жасады және енгізді.

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время