Шылым шегу – бүкіл әлем бойынша денсаулыққа төнетін ең ауыр қатерлердің бірі. Кейбір ресми деректер бойынша ересектер арасында темекі шегу деңгейі 2015 жылдан 2020 жылға дейін 2%-ға төмендегенімен қоғам бұл зиянды әдеттен толық арыла қойған жоқ. Еліміз дегі барлық қатерлі ісік ауруларының шамамен 30% және созылмалы обструктивті өкпе ауруларының 80% темекі шегуден екені дәлелденді. Бұл жайлы Ұлттық госпитальдің салауатты өмір салтын ұстану дәрігері Флюра Смайылова мынандай ақпарат ұсынады:
-Жүрек пен қан тамырларын өлтіретін негізгі заттар – никотин мен көміртегі тотығы. Көміртек тотығы ағзадағы зат алмасуды бұзады. Никотин қан тамырларының қабырғаларындағы жасушаларды зақымдайды, онда «жаман» холестерин жинала бастайды, бұл олардың люменінің тарылуына және жүректің, мидың бұзылуына әкеледі. Темекі шегетіндерде жүректің ишемиялық ауруының қаупі 2,6 есе, жүрек ауруынан болатын өлімінің қаупі 2,3 есе жоғары екенін және жиі кездесетін үзік-үзік клаудикация – төменгі аяғындағы қан айналымының бұзылуы 4 есе , бронхит пен өкпе эмфиземасының даму қаупі 10 есе және белсіздіктің 2 есе жиі кездесетіні анықталған.Темекі шегуден кейін инсульттен болатын өлімнің себебі 12-14% . Дәргері Ф.Смайылова сондай-ақ темекі шегудің зияны тек темекі шегушілергеғана емес, басқалардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіретінін айтады. Зерттеулер Қазақстандағы балалардың 40%-дан астамы және әйелдердің 30% -на үй жағдайында темекі түтіні әсер етеді. Бұл әртүрлі ауруларға, соның ішінде астма және басқа да тыныс алу жолдарының ауруларына әкелуі мүмкін айтты. Темекі шегу тек денсаулыққа ғана емес, отбасылық қаржыға да кері әсерін тигізеді. Жыл сайын темекіге және шылым шегуге байланысты ауруларды емдеуге миллиондаған теңге жұмсалады. Сондай-ақ никотинге тәуелді адамдар әлеуметтік қарым-қатынаста шектеулерге тап болады. Олар тыйым салынған жерде темекі шегу қажеттілігіне байланысты қолайсыздықты жиі сезінеді. Бұл темекі шегушінің және темекі тартпайтын топтардың өзара оқшаулануына әкеледі.
-Жүктілік кезінде темекі шегу әйел үшін де, ұрық үшін де өте қауіпті. Оның ішінде пассивті темекі шегу, яғни әйел темекі шекпейтін болса да, оны шегушілер арасында улы түтінді жұтуға мәжбүр болса да зияны тиеді дейді дәргер Флюра Комунақызы. Жүкті әйелдерде мерзімінен бұрын босану, жүктіліктің асқыну, түсік тастау қаупін арттырады. Созылмалы аурулар асқынып, аллергия белгілері күшейіп, қан тамырларының қызметі нашарлауы мүмкін. Балада никотин плацентадағы қан тамырларының тарылуын тудырады және қан айналымын бұзады. Ұрыққа қажетті қоректік заттардың жеткізілуін кешіктіреді, бұл жатырішілік дамудың баяулауына және мүшелердің түзілуінің бұзылуына әкеледі. Темекі түтінінің құрамындағы көміртегі тотығы оттегінің жеткізілуін бөгеп, оттегі аштығын тудырады. Темекі шегетін аналар салмағы төмен балалар туады дейді дәрігер. Жаңа туған нәрестелер арасында өлі туу және өлім қаупі 28%-ға жеткен. Балаларда туа біткен ақаулардың, соның ішінде жүрек ауруы және болашақта бронх демікпесі, өкпе аурулары, аллергияның пайда болу мүмкін. Темекі шегу ана сүтінің бөлінуін азайтады, бұл баланың иммунитетінің төмендеуіне әкеледі. Электрондық темекі, вейп, икос және кальян жүкті әйел мен оның болашақ баласы үшін де өте қауіпті. Ерлі-зайыптылардың екеуінің темекі шегуі болашақта баланың темекіге әуес болу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. Бұл қауіптерді азайтудың жалғыз жолы – темекіні толығымен тастау. Жүктілікке дайындық – темекі шегуді тоқтату туралы шешім қабылдаудың ең жақсы мүмкіндігі.