НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Мейірбике ісін дамыту бағыттары: инновациялар, білім беру жəне тəжірибе

   Алматыда  мейірбике ісін дамытуға арналған халықаралық  ғылыми-тәжрибелік  конференция өтті.  Бірнеше күнге жалғасқан  іс шараға  медициналық оқу орындарының  мамандары,  Алматы қаласы денсаулық сақтау  басқармасының басшысы Әсия Ақанова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары  Әсем Нүсіпова және шет елдік медицина мамандары онлайн қатысты.  Мейірбике – медицинада ең маңызды қызмет  атқаратын  дәрігердің сенімді көмекшісі.  Конференция барысында  «Қазақстанда және шетелде мейірбике ісін дамыту», «Мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулер және оны денсаулық сақтау тәжірибесінде қолдану» , «Мейірбике тәжірибесіндегі медициналық технологиялар мен инновациялар»,  «Орта медициналық оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары» деген тақырыптар талқыланды.

   ҚР Президенті  іс басқармасы медицина орталығы  Ұлттық госпиталінің директоры Асхат Зинешұлы Бралов : «Медицина мамандарының кәсіби өсуі барысындағы  мотивация және менеджменттің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

   Ал Ұлттық госпитальдің  мейірбике қызметінің басшысы  Анастасия Зорина  «Алдын алу ,қауіпсіздікті және  психологиялық жайлылықты қамтамасыз етудегі мейірбикенің рөлі» атты баяндамасында  өзінің ойларын ортаға салды. Конференция дөңгелек үстелде талқыланған түрлі тақырыптармен   және операция мейірбикелеріне арналған шеберлік дәрістерімен аяқталды.

Направления развития сестринского дела инновации, образование и опыт каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время