НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

МЕДИА-ҚОРЫТЫНДЫЛАР 2024

   2024 жылы Ұлттық госпиталь туралы БАҚ-та 2,5 миллионнан астам адам оқыған, көрген және естіген 172 материал жарық көрді.

   Маркетинг бөлімінің командасы Ұлттық госпитальдің аккаунттарында 800 пост, reels, stories, бейнероликтер, мақалалар дайындап, оларды 835400 адам қарап шықты.

   «Сұлулық әлемді құтқарады» жылдың ең танымал посты, косметолог Мұхабат Мамировамен сұхбатты 800 адам бағалады.

 ️    Жылдың медициналық көмегі – дәрігерлердің өңірлердегі Медициналық орталық күндеріне қатысуы, олар алты облыста жүздеген операциялар, консультациялар, шеберлік сыныптары мен дәрістер өткізді.

 ️    Жылды қолдау – біздің дәрігерлер 20 соғыс және еңбек тылының ардагерлерін сыйлықтармен аралап шықты.

 ️    Жыл флешмобы – медбикелер өздерінің кәсіби мерекесі, қол жуу және жаңа жыл құрметіне үш креативті флешмоб өткізді.

 ️    Жылдың спорттық оқиғасы – госпиталь қызметкерлері ондаған жарыстарға қатысып, салауатты өмір салтын көрсетті.

️    Таза Қазақстан – госпиталь қызметкерлері бірнеше қалалық сенбілікке белсене қатысты.

   Бізге журналистер, блогерлер, әншілер, әртістер қолдау көрсетті.

   Ең бастысы, бір жыл ішінде біздің аккаунттарға үш мыңға жуық адам жазылды. Біз барлық жазылушыларымызға бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс айтамыз және Жаңа жылда Сіз үшін бұдан да қызықты әрі пайдалы боламыз деп уәде береміз!

Медиа-итоги 2024 каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время