НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Күндізгі стационар бөлімшесі

Күндізгі стационар бөлімшесі

   2-3 аптаның орнына 1-2 күн. Күндізгі стационар басқа емханалар ұсынатын денсаулық сақтау бойынша көрсетілетін көптеген қызметтерді барынша жылдам алуға мүмкіндік береді. Күндізгі стационар тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін адамдарды емдеуге арналған.

   Бөлімшеде жұмыс тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары дәрігер-терапевтер жұмыс істейді. Біз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға сәйкес ішкі органдарының аурулары бар пациенттерді диагностикалаймыз және емдейміз. Пациенттерді тиісті бейінді мамандардың тағайындаулары бойынша неврологиялық,  урологиялық, хирургиялық бейінде емдейміз.

   Біздің стационарда емделетін аурулар тізбесі:

  • жіті және созылмалы респираторлық аурулар: фарингит, синусит, тонзиллит, бронхит, пневмония, ӨСОА;
  • жүрек- қан тамыры жүйесінің аурулары: артериялық гипертензия; ЖИА, күштенудің тұрақты стенокардиясы; миокардит; ЦВА, ДЭП; аяқ артериясының атеросклерозы және т.б.;
  • сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары: омыртқа жотасының остеохондрозы; деформацияланған остеоартероз; реактивті артриттер; ревматологтың тағайындауы бойынша байланыстырушы тіннің жүйелік аурулары;
  • жүйке жүйесінің аурулары (неврологтың тағайындауы бойынша): невриттер, невралгия, энцефалопатия (резидуальды, жарақаттан кейінгі, тамырлы);
  • асқазан-ішек жолының аурулары: созылмалы панкреатиттің ұшығуы, созылмалы холецистит, созылмалы гастрит, асқазанның және аш ішектің ойық жарасы, стеатогепатит, энтероколит (ЖІИ басқа);
  • несеп-жыныс жүйесінің аурулары: урологтың тағайындауы бойынша – созылмалы пиелонефриттің ушығуы; созылмалы циститтің ұшығуы; созылмалы простатиттің ушығуы; гинекологтің тағайындауы бойынша – созылмалы аднекситтің ушығуы;
  • аясы тар маманның тағайындауы бойынша эндокриндік аурулар: қант диабетінің асқынуын – диабеттік нейропатия, диабеттік ангиопатия, диабеттік нефропатияны емдеу және оның профилактикасы.

   Сонымен қатар, тиісті мамандардың тағайындауы бойынша басқа да ауруларға: кохлеоневрит; глаукома; ретинопатия және т.б. консервативтік ем жүргізеді.

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время