НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Күндізгі стационары бар аллергоорталық

Күндізгі стационары бар аллергоорталық

   Ұлттық аурухананың күндізгі стационары бар аллергоорталығы JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді, JCI – бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.

   Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс және корей PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі. Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

   Оны төмендегілер куәландырады:

  • САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ ең ірі халықаралық жүйесі – RIQAS (Британия). Оны 133 елдегі 45 000 астам зертхана пайдаланады;  
  • Сапаны сырттай бақылаудың және бағалаудың халықаралық бағдарламасы – EQAS (АҚШ);
  • Медициналық зертханалар құзыреттілігінің сапа талаптарына сәйкестігі ҚР СТ ISO 15189-2015.

   Пациенттерді аурухананың күндізгі стационарына орналастыру жайлы болу үшін қажетті барлық заттармен (жайлы төсек орындар, теледидар, ауа баптағыш және тағы басқалар) жабдықталған жайлы бір және екі орынды палаталар қарастырылған.

   Аллергоорталықтың дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Оңтүстік Корея, Германия, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время