НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Күйзеліс қалай пайда болады?

   Күйзеліс  (депрессия)– адамның санасына, ойы мен іс- әрекеттеріне әсер ететін психикалық  жағдай. Бұл жай ғана көңіл-күйдің уақытша өзгеруі емес, маманның көмегін қажет ететін сырқат түрі. Күйзеліс адам өмірінің барлық аспектілеріне, соның ішінде отбасымен, достарымен және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа  кері әсерін тигізеді. Мектепте , оқу орынында және  жұмыста қиындықтар тудыруып, тіпті  өзіне қол жұмсауға дейін апаратын мінез-құлық. Оның себептері психоэмоционалды, және әлеуметтік факторлар,  кейде ішкі ағзалар мен жүйкенің аурулары болуы мүмкін.  Күрделі күйзеліс –  сенесто-гипохондриялық  күйзеліс. Оның алдану, галлюцинация және кататоникалық бұзылыстары бар. Орташа  – орташа жағжайжағы  клиникалық симптомдармен, әлеуметтік белсенділіктің төмендеуінен байқалады. Ал ауыр түрі – қандай да бір симптомның басымдылығымен (мұңдылық, апатия, мазасыздық, мазасыздану), суицидтік ойлардың көрінуімен, жұмысқа қабілетсіздігімен көріністермен сипатталады. Күйзелісті  жағдайларды емдеу, сырқаттың  ұзақтығына және қарқындылығына және ауырлығына  байланысты. Емдеу бір аптаға антидепрессанттардың бірін тағайындаудан басталады.  Егер сол уақытта  әсер байқалмаса, онда доза алдымен максималды деңгейге дейін көтеріледі. Ал екі апта ішінде жақсару болмаса, препаратты басқа әсер ету механизмі бар антидепрессантқа ауыстыру керек.

Как возникает депрессия Каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время