НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК
Тарихы, миссиясы, құндылығы
Ұлттық госпиталь – халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызметтердің кең спектрін көрсететін үздік емдік-диагностикалық технологиялары бар еліміздің ең үздік клиникаларының бірі.
БІЗДІ ТАРИХЫМЫЗ
Ұлттық госпиталь 1929 жылы Қазақ КСР астанасын Қызылордан Алматыға көшіру туралы шешім қабылданған кезде құрылды. Стационарлық ғимарат 1933 жылы салынған. Бұл Халық Комиссарлары Кеңесінің санитарлық басқару амбулаториясымен біріктірілген клиника болды. 55 төсектік жаңа екі қабатты ауруханаға емхана, дәріхана, анықтама орны, терапевтік, хирургиялық және гинекологиялық бөлімшелер кірді. Аурухананың консультанттары сол кезеңдегі танымал профессорлар мен танымал мамандар болды. Ал пациенттер – ғалымдар, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, шығармашылық элита, жоғары дәрежелі партия қайраткерлері. Ол кезде «Совмин» халық арасында лақап атымен, мемлекеттік аппарат қызметкерлері мен өнер, мәдениет, ғылым қайраткерлері үшін жабық типтегі аурухана болған. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана «Совмин» барлық қазақстандықтар мен ел қонақтарына есік ашты.
Ауруханада медициналық көмек көрсету жүйесі халықаралық деңгейге сәйкес келеді, оған:
Аурухана 2021 жылы ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес 4 жылға ұлттық аккредиттеуден өтті және Қазақстан Республикасындағы ең жоғары баллға ие болды.
Әлемнің ең үздік клиникаларында оқудан және тағылымдамадан өткен жоғары білікті мамандар терапиялық және хирургиялық көмектің заманауи технологияларын меңгерген. Бізде шетелге шықпай-ақ телемедицинаның көмегімен әлемнің ең үздік медициналық орталықтарындағы белгілі ғалымдар мен жетекші мамандардың консультациясын алуға болады.
2015 жылы JCI аккредиттеу. JCI – бұл халықаралық аккредиттеу арқылы медициналық күтіп қарау сапасын және пациенттің қауіпсіздігін жақсартатын, негізі АҚШ-та қаланған бірлескен халықаралық комиссия. JCI медициналық ұйымдар үшін алтын стандарт болып табылады және пациент қауіпсіздігін арттыруға, емдеу мен күтіп қарау сапасын жоғарылатуға, пациенттердің, қоғамның, сақтандыру компанияларының және т.б. сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
2017 жылғы 1 ақпанда «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ РМК «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2017 жылы қазақстандық ғалымдар тобының құрамында аурухана қызметкері «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми негізделген әдістері» тақырыбы бойынша жұмыс циклі үшін әль-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық алды.
2018 жылы JCI аккредиттеуі. JCI – бұл халықаралық аккредиттеу арқылы медициналық күтіп қарау сапасын және пациенттің қауіпсіздігін жақсартатын, негізі АҚШ-та қаланған бірлескен халықаралық комиссия. JCI медициналық ұйымдар үшін алтын стандарт болып табылады және пациент қауіпсіздігін арттыруға, емдеу мен күтіп қарау сапасын жоғарылатуға, пациенттердің, қоғамның, сақтандыру компанияларының және т.б. сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
2018 жылы ұлттық аккредиттеу. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері мен аккредиттеу комиссиясының шешімі негізінде (14/ жылғы№180-н бұйрық) жоғары санат бере отырып, 3 жыл мерзімге аккредиттелген болып танылды. Бұл куәлік денсаулық сақтау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін куәландырады.
2021 жылы JCI аккредиттеуі. JCI – бұл халықаралық аккредиттеу арқылы медициналық күтіп қарау сапасын және пациенттің қауіпсіздігін жақсартатын, негізі АҚШ-та қаланған бірлескен халықаралық комиссия. Орталық клиникалық аурухана үшінші рет халықаралық сапа стандартына – JCI сәйкестігін растады. Joint Commission International (JCI) аккредиттеу медициналық қызмет көрсету сапасының, пациенттің қауіпсіздігінің, заманауи емдеу әдістерін қолданудың ең жоғары көрсеткіші болып табылады.
2021 жылы ұлттық аккредиттеу. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері мен аккредиттеу комиссиясының шешімі негізінде (14/ жылғы№180-н бұйрық) жоғары санат бере отырып, 3 жыл мерзімге аккредиттелген болып танылды. Бұл куәлік денсаулық сақтау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін куәландырады.
Аурухананың визит картасы – мінсіз сервистік қызмет кезінде және барынша ыңғайлы жағдайларда жоғары сапалы медициналық көмек көрсету. Бүгінде біз еліміздің пациенттеріне медициналық көмек көрсетіп отырмыз, бізге емделу үшін шетелден пациенттер келуде.
Ауруханада пациенттерге ұсынылатын қызметтер:
Ауруханамыздың кұндылықтары
Ауруханамыздың басты құндылығы – ПАЦИЕНТ, оның денсаулығы, оның құқықтарын құрметтеу, сондай-ақ ұжымның дәстүрлері, тәлімгерлік, жоғары кәсіпқойлылық, қызметкерлердің моральдық және іскерлік қасиеттері болып табылады.
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время