НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Клиникалық зертхана

Клиникалық зертхана

   Қазіргі уақытта зертханалық диагностиканың маңызы өсіп келеді, дәрігерлер ауру туралы 75% ақпаратты зертханалық зерттеулерге сүйеніп алады.

   Неліктен бізге сенім артады:

   Біздің зертхана – Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертхана және талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатардамыз.

Бұл туралы:

  • EQAS (США) – Сапаны сыртқы бақылау және бағалау халықаралық бағдарламалардың 38 сертификаты;
  • «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар»  СТ РК ИСО 15189-2015 аккредиттеуден өту аттестатының болуы куә болады.

   Біз JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береміз, JCI – бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.

   Диагностикалау әдістері жапон, израиль, неміс, америка және кореяның жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі. Зертхана қызметкерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Германия, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.

   Біз төмендегідей зерттеу және диагностика әдістерін жүргіземіз:

  • клиникалық биохимия;
  • иммунология;
  • бактериология;
  • гематология;
  • иммундық-химиялық әдістер;
  • иммундық-ферменттік әдістер;
  • молекулярлы-генетикалық әдістер, ПТР- диагностика.

   Талдаулар емханада күн сайын сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін қабылданады. Зертханаға сағат 12.00-ден кейін жеткізілген талдау нәтижелері келесі күні беріледі.

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время