НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Зейнет жасына жету -бақыт

   Ұлттық госпиталь – талай маманның тәжірибе жинап, қалыптасып, еңбегінің зейнетін көруге дейін қызметтерін атқарған орыны. Бүгін зейнеткерлікке шығып жатқан Сәуле Шәріпбайқызы Шірікбаева 1986 жылы Жамбыл қаласындағы медициналық училищенің акушерлік бөлімін тәмамдаған. Еңбек жолын Жамбыл облысы, Луговой ауданында мейірбике болып бастаған жас маман әр жылдары Алматы қаласындағы бірқатар емдеу орындарында қызмет атқарған. Сәуле Шәріпбайқызы қазір Ұлттық госпитальдің мамандандырылған медициналық көмек көрсету гинекология бөлімінде 16 жылдан бері акушер-мейірбике болып жұмыс істейді. Ол жарық дүние есігін ашқан талай нәрестенің ата-анасының қуанышына куә болған білікті мейірбике.

   Ал Гүлзада Оңғарбайқызы Момбекова осы ауруханада ұзақ жыл бөлімше санитары болып жұмыс істеген. Ісіне тиянақты, орындаған әбір жұмысына жауапкершілікпен қарайтын тазалық қызметкеріне ұжымдастары да дән риза. Медицина саласына үлес қосқан қызметкерлерді құттықтаған арухана басшысы Асхат Бралов олардың сңірген еңбегіне алғыс білдіріп, отбасыларына ырыс пен береке тіледі.

Достижение пенсионного возраста - счастье

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время