НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Жүрек-қан тамыры хирургиясы орталығы

Жүрек-қан тамыры хирургиясы орталығы

    Еліміздегі әрбір екінші өлім жағдайы жүрек-қан тамыры аруларынан немесе онымен байланысты аурулардан туындайды. Жүрек және тамыр ауруларын  «ғасыр  індеті» деп те айтады. Әлемде жыл сайын  20 миллионға жуық адам осы арудан көз жұмады. Бұл аурулар кенеттен болуымен қауіпті.

   Жүрек-қан тамыры хирургиясы орталығында ашық жүрекке, жұмыс істеп тұрған жүрекке, жүректің ишемиялық аурулары бар науқастарға операциялар жасалады – бұл аутовеналармен аортокоронарлық шунттау (3-5 шунт) және толық артериялық шунттау. Перифериялық артерия, венозды патология кезіндегі операциялар. Операциялар JCI халықаралық сапа стандарттарына сәйкес өзінің пациенттеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ететін  және PREMIUM класты Жапония мен Германияның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің жабдықтарымен жабдықталған операция бөлмесінде жасалады.

   Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады. Бөлімшеде толық емханалық қарап тексеру және стационарлық операция алдындағы дайындықты жүргізуге барлық жағдай жасалған. Пациенттерді оңалту үшін бөлімшеде барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

   Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

   Біздің мамандар Израильде, Италияда, Германияда, АҚШ-та оқудан өткен және кардиохирургиялық операциялар жасаудан 15, 20 жылдан астам тәжірибелері бар.

   Стационарға емдеуге жатқызу ақылы негізде және  портал бойынша («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) жүзеге асырылады.

   Біздің практикалық қызмет төмендегідей операциялық араласуды ұсынады және мынадай санаттағы науқастарды қамтиды:

    «Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)» бар науқастар:

  • аортокоронарография (АКГ);
  • коронарлық артерияларды стенттеу;
  • бір, екі, үш және одан да көп шунттармен аортокоронарлық шунттау;
  • сол жақ қарыншадан тромбэктомия.

    «Жүре пайда болған жүрек ақауы (ЖЖА)» ревматизмдік этиологиясы бар науқастар:

  • митральды қақпақшаны протездеу немесе пластика жасау;
  • аорта қақпақшасын протездеу немесе пластика жасау;
  • трикуспидальды қақпақшаны протездеу немесе аннулопластика жасау;
  • жүректің алғашқы және кейінгі өскіндерін алып тастау;
  • констриктивті перикардит кезіндегі перикардэктомия;
  • экссудативті перикардит кезіндегі перикард пункциялары;

  «Туа пайда болған жүрек ақауы (ТЖАбар 18 жастан асқан науқастар:

  • бітелмеген артерия жолдарын лигилдеу;
  • жүрекше аралық қалқа ақауының пластикасы;
  • қарынша аралық қалқа ақауының пластикасы;

   Аяқ тамырларының атеросклерозы:

  • аортожамбастық бифуркациялық шунттау;
  • сол жақтан және оқ жақтан аортожамбастық шунттау;
  • басқа тамырлық шунт немесе анастомоз;
  • артериялардың аутовеноздық пластикасы;
  • қол және аяқ артерияларына реконструктивті операциялар
  • түрлі орындардағы аневризмаларды алып тастау;
  • эндоваскулярлық араласушылық (ангиопластитика, артерияларды стенттеу, кеуде және іш қуысы аортасының аневризмасы кезінде стентграфттарды орнату).

   Перифериялық қанмен жабдықтаудың бұзылуы бар қант диабеті:

  • басқа тамырлық шунт немесе анастомоз;
  • артериялардың аутовеноздық пластикасы;
  • қол және аяқ артерияларына реконструктивті операциялар;
  • эндоваскулярлық араласушылықтар (ангиопластитика, артерияларды стенттеу).

   Брахиоцефальды артериялардың атеросклерозы:

  • синтетикалық жамаумен немесе аутовенамен артериялар пластикасымен каротидті эндартерэктомия;
  • эндоваскулярлық араласушылық (ангиопластика, каротидті
    артерияларды стенттеу).

   Аяқ көктамырларының варикоздық кеңеюі:

  • аяқтың варикоздық көктамырларын таңу және сылып тастау;
  • аяқтың варикоздық көктамырлары лазерлік коагуляциясы;
  • БВ қақпақшасын экстравазальды түзету.

   Рейно ауруы:

  • кеуде симпатэктомиясы;
  • бел симпатэктомиясы.

 

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время