НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Жеңіс тым қымбат бағамен берілді

   Алматылық, тыл еңбеккері 95 жастағы Қалкен Уәлиев әрқашан белсенді өмір салтын ұстанды, спортпен шұғылданды. Қазіргі уақытта да, қарт жасына қарамастан, таңертеңгі жаттығуларын жасайды. Ол Ұлттық госпиталь дәрігерлеріне жүректен алғыс білдіреді, олар үнемі оны аралап, денсаулығын қолдауға көмектеседі.

   Мерекеге дейін Ұлттық госпиталь өкілдері еңбек майданының ардагерін аралап, оған азық-түлік себетін табыс етті. Қалкен-ата қонақтарға қатты қуанды, өзінің жасында оң эмоциялар өте маңызды екенін айтты!

   — Барлық қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын! Аспанда бейбітшілік болсын. Майданда да, тылда да жеңіске қол жеткізгендер халықтың есінде мәңгі қалады, — дейді ардагер. — Тыл еңбеккерлері қиын жағдайларды бастан кешірді: түрлі нысандар салды, ауыл шаруашылығымен айналысты, жүктер тасыды, майданға соңғы күшін берді. Жеңіс тым қымбат бағамен берілді: ашаршылық, шаршататын еңбек, туыстарынан айырылу, денсаулықтан айрылу, оқу мүмкіндігінен айрылу. Бірақ біздің ұрпақ рухы мықты болды, төзді, аман қалды.

   Қалкен-ата өзінің ұзақ өмірінің сырын дене еңбегінен, қамқор жары дайындаған уақытылы, режимдік тамақтан көреді. Сонымен қатар, ол ешқашан дауларға жол бермей, барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тырысты.

Победа досталась слишком дорогой ценой каз

This will close in 20 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время