НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бөлімшесі

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бөлімшесі

   Медициналық жедел жәрдем Ұлттық ғылыми-тәжірибелік қоғамының деректері бойынша тактикалық қателіктер соңғы жылдары науқастар мен зардап шегушілерге жедел жәрдем көрсетуде барлық анықталған кемшіліктердің 14-30% жағдайында кездесті, бірқатар жағдайларда науқастар өліміне емдеуге жатқызғанға дейінгі кезең  себеп болды.  Тактикалық қателіктердің кейбір түрлерінің жиілігі (мысалы, емдеуге жатқызу тәртібінің бұзылуы) 40%-ға дейін жетеді. Емдеудегі жиі жол берілетін кемшіліктердің себебі медицина қызметкерлерінің тәртіпсіздігі, кәсіби деңгейінің төмендігі ғана емес, сондай-ақ жеке сапаға байланысты басқа де себептер және  МЖЖ станциясы жұмысындағы ұйымдастыру кемшіліктері болып табылады.

   Ұлттық ауруханасының жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесі тактикалық қателерді болдырмайды және пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Біз әлемдік сапа стандарттары бойынша жұмыс істейміз JCI – бұл халықаралық деңгейдегі сапаның «алтын стандарты» болып саналатын денсаулық сақтау саласындағы ең объективті және беделді халықаралық сертификаттау.

   Алматы қаласының орталығында орналасуы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Бөлімше жазатайым жағдайларда және үйде, көшеде, жұмыс уақытында, түнгі уақытта, жаппай улану кезінде және басқа жағдайларда туындаған  кенеттен болған ауыр аурулар кезінде ересек адамдарға жедел медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылған.

Бөлімше:

  • шұғыл түрде, тәулік бойғы режимде;
  • науқаспен әлеуметтік ілесіп жүру және кез-келген тасымалдау (үйден және/немесе стационардан басқа мекемеге, т/ж вокзалы, әуежай, тұратын және емделетін орынға);
  • пациентпен Қазақстан аумағында медициналық бірге жүру;
  • емшара қызметтері (ЭКГ, глюкометрия, барлық инъекция түрлері).

   Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

   Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

«Ұзақ әрі бақытты өмір сүріңіз!»

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время