Президент іс басқармасы медицина орталығы Ұлттық госпиталінің әкімшілік-шаруашылық қызметінің электр маманы Руслан Асылбай Алматы облысында тұрады . Өз қолымен үй салып алған , бес бала тәрбиелеп отыр. Оның мамандығы бойынша 30 жылдай тәжірибесі бар . Ұлттық госпитальда еңбек етіп жүргеніне 8 жыл.
Энергия саласы қызметкерлерінің жұмысы сырт көзге байқалмайды. Ауруханада жарық, барлық жүйелер, күрделі жабдықтар үздіксіз жұмыс істейді. Тіпті қаладағы электр желілерінде болған апат бұл стратегиялық нысанға еш әсерін етпеген.
– Мен үздіксіз электрмен жабдықтау, жарықтандыру үшін жауап беремін. Біздің ұжым әрқашан сақадай сай, тәулік бойы ауысыммен жұмыс істейміз. Құрал-саймандар жиынтығын үнемі өзіммен бірге алып жүремін, бұл кәсіби әдетім – дейді Руслан.- Жұмыс көп: электр тетігін немесе кабелді жедел ауыстыру керек, бір ғимараттан екіншісіне барамын, бір орынымызда отырмаймыз. Бұл жаттығудың бір түрі десек те болады. Бір жағынан адамдармен қарым-қатынас. Госпитальде тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, олармен сөйлесу өте қызық – дейді маман
Руслан өз жұмысын жақсы көретінін айтады. Бір кездері Талғардағы техникумға жүрек қалауымен оқуға барған. Бәрін өз қолмен жасауды үйренгісі келген, өйткені өмірде мұндай дағдылар қажет. Егер өз жұмысыңды сапалы атқарып, оған жан-тәніңмен берілсең , несібеңді табу да қиын емес.
Руслан үлкен отбасының отағасы. Келіншегі Бақытгүл медбике болып жұмыс істейді. Үлкен ұлы Сырым заңгер, қызы Ақбопа ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Бейбарыс пен Айара мектеп оқушылары, кенжесі Раяна балабақшаға барады.
– Менің жолымды қуған ешкім жоқ. Қазір жастардың көзқарасы басқа, бұл олардың өз таңдаулары. Жалпы, жастар қолмен барлық шаруаны жасай білу керек. Отбасында кез келген тетікті, жуанатын бөлмедегі немесе ас үйдегі электр жабдықтарын ауыстыру қолдан келгені жақсы – дейді Руслан.