НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Егерде сіздін…

   Ревматолог дәрігер Салтанат Үсербайқызы Бекенованың осы салада жүргеніне 40 жылға таяп қалған. Стационарда 25 жыл қызмет атқарып, өте ауыр науқастардың өміріне арашашы болған тәжірибелі дәрігер ауру түрлерінің жасарып бара жатқанын айтады. Әсіресе қарттарда жиі кездесетін артроз ауруы қазір 50-жастың айналасындағы адамдарда көп дейді. Аутоиммундық сырқат белгілері жас қыздардың көпшілігінде жүйелі қызыл жегі түрінде көрініс береді екен. Қандай ауру болмасын алдымен күйзелістен, кейде өмір сүру салтынан болатыны белгілі.

   -Емханадағы профилактикалық тексерулердің барысында кез-келген ауру белгілерін ерте байқап, дер кезінде емдеуге болады. Сондықтан аурулардың алдын алуда емхананың атқаратын ролі ерекше –дейді Салтанат Үсербайқызы.

   Дәрігер ревмотологқа қаралуды талап ететін бірқатар белгілерді атап өтті. Егер сіздің бір немесе бірнеше буыныңыз ауырып немесе ісіне бастаса, омыртқада ауырсынулар байқалып, қиымыл қозғалыс, киіну қиындай бастаса, үш айдан аса уақыт кеуде тұсыңызда, жамбасыңызда ауырсынулар байқалса, үнемі саусақтарыңыз тоңып жүретін болса, бас терісінде «алопеция» пайда болса, қол-аяғыңыздың терісінде өзгерістер болса бірден дәрігерге жүгініңіз. Әйел адамдарда үш айдан аса уақыт дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, салмақ жоғалту,бетте бөртпелер пайда болса, лимфа түйіндері (жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейін)ұлғайса міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Егер сіздің отбасыңызда немесе туыстарыңызда ревматологиялық аурулар : ревматоидті артрит, склеродермия басқа да аутоиммунды аурулар болса тексеріліп, алдын алған жөн. Егер сізге буындарды ауыстыру операциясы жасалатын немесе жасалған болса міндетті түрде ревматологтың кеңесін алған дұрыс.

   Ұлттық госпитальдің ревматолог дәрігері Салтанат Бекенова күн сайын таңертеңгі сағат 8.00-12.00 аралығында науқастарды қабылдап, ем шара тағайындайды. Аурудың алдын алыңыз…

Если у вас... Каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время