Ұлттық госпиталь дәріханасы GPP тиісті дәріханалық практика стандарттарына сәйкестігі туралы сертификат алды.
Good Pharmacy Practice – бұл фармацевтикалық қызмет көрсетудің жоғары сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен ұсынымдар жиынтығы.
Дәріхана меңгерушісі Әлия Батырбекова Медицина орталығының дәріхана жүйесінде 27 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
– GPP сертификатын алу – бұл дәріхана ұжымының үлкен жұмысы.
Сертификат көптеген артықшылықтар береді, атап айтқанда қызмет көрсету сапасын арттырады, дәрілік терапиядағы қателіктерге байланысты қауіптерді азайтады, бұл пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.