ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Алмас Бисұлтанұлы Аманғалиевтің медицина саласында жүргеніне 30 жылға таяп қалған.
-Қазіргі уақытта оториноларинголгия саласы бойынша жиі кездесетін ауру түрлері мұрын және мұрын қойнауларының патологиясы. Науқастарда ең көп кездестін диагноз – синусит. Операцияларымыз басты максаты- науқастың еркін тыныстап, өзін жақсы сезінуі-дейді Алмас Бисұлтанұлы.
ЛОР-ағзаларының хирургиясымен айналысатын маман, мұрын қуысына эндоскопиялық операциялар, сондай-ақ есту қабілетін қалпына келтіруге арналған ортаңғы құлақ операциялары және көмей-жұтқыншаққа хирургиялық операциялар жасайды. Жоғары санатты дәрігер мұның барлығына заманауи технологиялармен, эндоскопиялық жабдықтарды қолдананады. Алмас Бисұлтанұлы 1996 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтын тәмамдап, 2010 жылға дейін Алматы қалалық №5 клиникалық ауруханада ЛОР-дәрігер ординатор, кейін ЛОР бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған . 2009 жылы ғылым саласына бет бұрып, оториноларингология мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Қазір уақытта Президент іс басқармасы медицина орталығы Ұлттық госпиталінің 2- хирургия бөлімінің меңгерушісі. Алмас Бисұлтанұлы өзінің білгенін жастарға үйреті мақсатында ұстаздықты да қатар алып келе жатыр. Ол Қазақстан-Ресей медициналық университетінің оториноларингология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып жүр.
-Қазіргі таңдағы мақсатым – ұстаздықпен пен жұмысымды қатар алып жүріп, білікті мамандар дайындау және науқастарға жоғары деңгейде медициналық көмек көрсету -дейді ЛОР-дәрігер Алмас Аманғалиев.