Оны дәстүр бойынша Республикалық қан орталығы мен аурухананың қан кабинеті ұйымдастырды. Акцияға барлығы 43 қызметкер қатысты. Алдымен әрқайсысы тіркеуден өтіп, оларды терапевт қарап шықты, көшпелі зертхана қанды тексерді.
— Ұлттық госпитальдің ұжымы мұндай акцияларға әрдайым белсенді түрде үн қатады, қан банкін толтырудың маңыздылығын әркім түсінеді, өйткені оны құю үшін өздері пайдаланады, — деп түсіндірді Ұлттық қан орталығының үгітшісі Зульфина Нұғманрва, — Бұл да өзіндік чек, себебі бастапқыда барлығы қанды талдауға тапсырады, сондай-ақ дені сау адам үшін адамға қан тапсыру пайдалы, ол жаңартылады.