НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Бедеулік…

   Қазіргі заманғы отбасылардағы күрделі мәселелердің бірі- бала сүйе алмау.  Статистика  бойынша  әлемде  бедеулік репродуктивті жастағы жұптардың 8-12% -ында кездеседі. Бедеулiктiң баласыз жұптардың, әсiресе әйелдердiң өмiрi үшiн  әлеуметтiк салдары бар. Кей кезде ол зорлық-зомбылыққа, ажырасуға, әлеуметтiк стигматизацияға , эмоционалдық күйзелiске және өзiн-өзi төмен бағалауға әкеліп соғады. Бұл жайлы мамандырылған медициналық көмек бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері Гузалья Рафиковна Юзеева мынандай ақпарат береді:

   Әйел бедеулігінің себептері  эндокриндік бұзылулар, жатыр мен жатыр түтіктерінің патологиялары, иммунологиялық қиындықтар сияқты әртүрлі мәселелер болуы мүмкін. Сондай-ақ отбасылық жұпқа әсер ететін,  бедеуліктің дамуына әкелетін сыртқы факторлар бар. Қолайсыз экологиялық аймақтарда өмір сүру, өндірістің зиянды әсері – радиациялық сәулелену, химиялық заттардың болуы, жағымсыз әдеттер: жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, темекі шегу, алкогольді көп пайдалану немесе есірткі заттарына әуестену, семіздік. Сондай-ақ ішкі ағзалардың ауырулары – қант диабеті, гипертониялық ауру, созылмалы вирустық гепатиттер, хромосомдық бұзылулар.

   Жұпта бедеуліктің себептеріне қарамастан, акушер-гинекологтар, уролог-андрологтар және репродуктологтар салауатты өмір салтының жалпы ережелерін ұстануға кеңес береді. Олар зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Дұрыс тамақтанып, тәулігіне 2 литр сұйықтық ішу,  көкөністер, жеміс-жидектер, теңіз балығы, ақуыздарды қолданып,  кемінде 8 сағат ұйықтау.  Осындай қарапайым ережелерді сақтау иммунитетті күшейтеді және ағзаның  жағдайын жақсартады.  Дегенмен де мамандар бедеулік диагнозы қойылған сәттен бастап,  уақыт оздырмай дәрігерлерге қаралған  дұрыс деген кеңес айтады.

Бесплодие каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время