Биыл Президент іс басқармасы медицина орталығы Ұлттық госпиталінің құрылғанына 95 жыл. Еліміздегі емдеу мекемелерінің арасында ерекше орыны бар аурухана түрлі конференциялар мен жиындар өткізіп, маңызды мәселелерді талқылауға ұйытқы болып келеді.
Халықаралық тромбоздар күні аясында «Ішкі аурулар клиникасындағы тромбоздар. Артериялық, жүрекішілік және көктамыр тромбоздары» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырлды. Жиынға Республиканың барлық аймағы мен Италия,Түркия, Өзбекстан т.б елдерден білікті мамандар жиналған. Тромбоз –әлем бойынша өте кең тараған, аурулар саны қарқынды өстіп жатқан сырқат түрі. Конференцияға жиналған мамандар науқастарды емдеу барысында күнделікті кездесіп жатқан сан алуан мәселелерді талқылап, ойлары мен ұсыныстарын жеткізді. Алматы қаласындағы 7-клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Жадыра Сіләмқызы Шерияздан өз тәжірибесімен бөлісіп, ауруханада жатқан науқастар арасындағы веналық тромбоэмолиоздың таралдуы жайлы баяндама жасады.