НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Артериялық гипертония

   Артериялық гипертония – бұл созылмалы ауру, оның негізгі белгісі артериялық қысымның тұрақты немесе мерзімді көтерілуі. Егер систолалық («жоғарғы қысым») көрсеткіш 140 мм сынап бағанаcынан, ал диастолалық («төменгі қысым») — 90 мм сынап бағанасынан жоғары болса, онда қан қысымы жоғары деп есептеледі. Артериялық гипертонияның асқынуы инсульт, миокард инфарктысы, бүйрек жеткіліксіздігі, көру қабілетінің нашарлануы секілді ауруларға себеп болады.

   ДДҰ-ның деректері бойынша әлемде ересек адамдардың 30% – ға жуығы осы сырқаттан зардап шегеді екен. Бұл миллиардтан аса адам деген мәлімет. Артериялық қысымды өлшемей бұл ауруды анықтау мүмкін емес. Гипертониялық криз деген не? Бұл – артериялық гипертензияның асқынуы. Қан қысымы күрт көтеріліп, 180/120 мм сын. Бағанасына немесе одан да жоғары деңгейге жетеді. Сырқаттың белгілері:

   қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, көру қабілетінің бұзылуы, көз алдында «қара дақтардың» пайда болуы, құлақтағы шуыл, жүрек соғысының жиілеуі, қолдың дірілі, терлеу мен шөлдеу, жүрек тұсындағы ауырсыну, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, үрей, мазасыздық, қорқыныш сезімі.

   Бұл – шұғыл медициналық көмекті талап ететін жағдай. Ұлттық госпитальдің жедел медициналық көмек бөлімшесінің дәрігері Олжас Зарипов мұндай жағдайда төмендегідей кеңестер береді:

   Қан қысымын әр 20–30 минут сайын өлшеп, нәтижелерін арнайы дәптерге немесе қағазға жазыңыз. Қабылдаған дәрілердің атауын, дозасын және қабылдау уақытын да тіркеңіз. Ескерте кететін жағдай! Егер қысым бір сағат ішінде төмендемесе немесе жағдайыңыз нашарлап бара жатса, жедел жәрдем шақырыңыз!

   Сондай-ақ дәрігер гипертониялық криздің алдын алуға болатынын айтады. Ол үшін гипотензивті препараттарды үнемі қабылдап, қан қысымын тұрақты бақылап отыру керек. Тонометр және дәрігер ұсынған шұғыл көмекке арналған дәрі-дәрмектер (каптоприл, коксонидин және т.б.) жаныңызда жүргені дұрыс. Гипертониялық кризді туындататын себептерден аулақ болуға тырысыңыз. Дәрігердің барлық тағайындауларын нақты және тұрақты түрде орындау. Сондай-ақ күн тәртібін қалыпқа келтіріп, дене жаттығуларын жасау қажет. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы керек. Салмақты бақылауда ұстаған жөн.

Артериальная гипертония каз

This will close in 20 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время