НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ұлттық госпиталь жартыжылдықты қорытындылады: трансформация жағдайындағы ілгерілеу

   2025 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  кеңейтілген кеңес өтті. Іс-шараға госпиталь директоры Асхат Бралов төрағалық етті.

   Кеңесте терапиялық, хирургиялық, амбулаторлық-поликлиникалық, мейіргерлік және әкімшілік бағыттарды қадағалайтын директор орынбасарлары баяндама жасады. Негізгі назар ағымдағы жұмыс нәтижелері, жаңа тәсілдерді енгізу және жүйенің алдағы өзгерістерге дайындығына аударылды.

   Есепті мерзім ішінде жеті заманауи медициналық жаңалық қолданысқа  енгізілді. Олардың қатарында адам ағзасына барынша жұмсақ әсер ететін аз инвазивті тәсілдер, диагностиканы жеңілдететін цифрлық жүйелер, сондай-ақ   физиотерапия мен гериатрия бағытындағы тың жетістіктер бар.

   Медициналық туризм бағыты бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда, оның ішінде шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақтастық орнаған. Госпитальде Оңтүстік Корея мен Түркиядан келген білікті мамандардың қатысуымен іс-шаралар мен кәсіби кеңестер ұйымдастырылды.

   Кадрлық біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Жүзден аса қызметкер түрлі оқыту курстарынан өтіп, сертификат иеленді, оның ішінде халықаралық білім беру жобалары шеңберінде білім алғандар да бар. Мейіргерлік қызмет те жаңа деңгейге көтерілуде: сапа мен қауіпсіздік талаптары енгізіліп, ауруханаішілік асқынулардың алдын алу шаралары қатаң  бақылауға алынды.

   Басымдық берілетін маңызды бағыттардың бірі ішкі және сыртқы коммуникацияны дамыту болып қала береді. Госпиталь ақпараттық кеңістіктегі, соның ішінде цифрлық сервистер мен кәсіби медициналық платформалардағы белсенділігін  арттыруда.

   Кеңес соңында госпиталь директоры Асхат Бралов ұжымға кәсібилігі, ұйымшылдығы және іске адалдығы үшін алғыс білдіріп, ауқымды өзгерістер кезеңінде команда тұрақтылық пен пациенттердің сенімінің негізі екенін атап өтті.

Национальный госпиталь подвёл итоги полугодия движение вперёд в условиях трансформации рус

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время