НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Шұғыл әрикет қана көмектеседі

   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 7 миллионға жуық адам инсульттан қайтыс болады. Өте қорқынышты сан. Бұл сырқат түріне бұрын 55-60 жастан асқан адамдар шалдығатын болса, қазір науқастардың үштен біріне жуығы 30-40 жас аралығында. Басым бөлігі ер адамдар. Демек, ауру түрі жасарып бара жатыр. Ұлттық госпиталдің невропатолог дәрігері Фатима Елеусізқызы Ысқақова инсульттің пайда болу себептері, белгілері мен оны анықтау жайлы мағлұмат берді. Инсульттің ең жиі кездесетін белгілері: бас ауруы, жүрек айнып, құсу. Басы айналып, есін жоғалтуы мүмкін. Бет ассиметриясы, мұрын-ерін қатпарлары өзгеріп, тілдің бүйірге ауытқуының байқалуы. Көздің кенеттен бұлдырау , екі көздің қылилануы, страбизм, сөйлеудің бұзылуы. Науқас заттардың атын анық айта алмайды, бір сөздерді қайталайды, буындарды шатастырады, «міңгірлейді». Жұтынуы қиындап, тұншығады. Әсіресе сұйықтықты жұта алмай қиыналады. Бұлшық ет пен бір қолдың немесе аяқтың кенеттен әлсізденуі. Сезімталдық жойылып, беттің жартысының, аяқ-қолдың немесе дененің бір жағының ұюы. Қозғалыстың, жүрістің координациясының бұзылуы.

   Инсульттің пайда болуының қауіп факторлары: жоғары қан қысымы; қант диабеті, жүрек қақпақшаларының ақаулары, жүрек қағысы ырғағының бұзылуы, әсіресе жүрекшелердің фибрилляциясы, холестерин деңгейінің жоғарылауы, артық салмақ пен семіздік. Сондай-ақ қиымыл қозғалыстың аздығы, темекі шегу, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну. Контрацептивтерді ұзақ уақыт қолдану.

   Жедел жәрдем келгенге дейін барлық адам , тіпті мектеп оқушылары да инсульт белгілерін анықтау және көмек көрсету тактикасын білген жөн дейді Фатима Елеусізқызы.

   Егер сіз инсульт алды деп күдіктенсеңіз, қарапайым тапсырмамен тексеріп көріңіз. Адамның бетіне қараңыз. Оның күлімсіреуін немесе тістерін көрсетуін сұраңыз. Ерінінің бір жағы салбырап, күлімсіреуі асимметриялы ма? Қолдарына қараңыз. Науқастың қоларды көтеріп, 5-10 секунд ұстауын сұраңыз. Бір қолды көтере алмай ма? Бір қолы екіншісіне қарағанда көбірек төмендей ме? Сөйлеуіне назар аударыңыз. Өз есімін айтуды сұраңыз, жай сөйлесіп көріңіз. Сөйлеуі бұзылған ба? Мұндайда уақыт жоғалтпау өте маңызды.

Только срочные меры помогут Каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время