НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК
Біздің аурухана сізге және Сіздің отбасыңыздың мүшелеріне Covid-19, пневмония және басқа да ауыр аурулардан кейін оңалту курсын ұсынады.
Біздің аурухана Қазақстандағы алғашқы JCI медициналық қызмет көрсету сапасының халықаралық стандартымен аккредиттелген клиникалардың бірі. JCI медициналық ұйымдар үшін Алтын сапа стандарты болып табылады және пациенттің қауіпсіздігін арттыруға, емдеу және күтім сапасын жақсартуға, пациенттердің, қоғамның, сақтандыру компанияларының және т.б. сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
Алматының климаттық жағдайлары жыл бойы суықтап қалмау қаупінсіз оңалтуға мүмкіндік береді. Клиникада соңғы техникамен жабдықталған ЕДШ залы, физиотерапия бөлімшесі, балшықпен емдеу орны, тұз шахталары бар. Аурухана мамандарының терапиялық және хирургиялық бағыттағы пациенттерді оңалтуда тәжірибесі мол.
Оңалту курсы мыналарды қамтиды:
Біз пациенттерді VIP, люкс, жартылай люкс санатындағы палаталарға орналастыруды ұсынамыз.
Аурухана аумағы Алматының мәдени орталығында орналасқан. Аурухананың ғимараттары терренкурмен қоршалған, пациенттердің демалатын орындарында олардың тез емделуіне және оңалтуға ықпал ететін гүлзарлар, күркелер мен әдемі фонтандар бар.
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время