Ауыр аурулардың даму белгілері:
- қатты шаршау, демалғанда да басылмайды;
- күндіз ұйқы басу (әсіресе, тамақ ішкеннен кейін);
- түнде ұйқысыздық;
- қатты шөлдеу;
- үнемі ауыздың кеуіп жүруі;
- жөтел;
- ауыр тыныс алу;
- қақырықтың пайда болуы;
- бастың ауруы;
- жоғары қан қысымы;
- ашуланшақтық;
- дененің қалтырауы.
JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, Ұлттық аурухананың 1-терапия бөлімшесінде білінбейтін ауруларды анықтауға және олардың алдын алуға көмектеседі. Сіздерде Еуропалық профессорлардың телеконсультация алу мүмкіндігі болады.
Ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері Жапон, Неміс, Америкалық және Корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі.
Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.
Пациенттер төрт-бес жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады. Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.
Бөлімше дәрігерлері Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында маманданудан өтті және оқытылды.
«Жақындарыңызға қамқорлық көрсету үшін махаббат керек, қалғанын дәрігерлерге тапсырыңыз».