НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Қазақстандағы скринингтік тексерулердегі жаңашылдықтар

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлерді медициналық скринингтерден өту үшін жұмыстан босатуға міндеттеледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
 
Жаңа нормаларға сәйкес медициналық ұйымдар цифрлық сервистер арқылы қызметкердің тексеруден өтуі қажет екендігі туралы компанияларға хабарлама жібереді. Мұндай хабарламаны алғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерге скринингтен өту үшін уақыт беруге міндетті.
 
Осы жылдың басынан бастап профилактикалық тексерулердің тізімі де кеңейтілді. Енді азаматтар жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне, глаукомаға, онкологиялық ауруларға және гепатиттерге тегін скринингтен өте алады. Сонымен қатар, 50 жастан асқан ер адамдар үшін инсульттің алдын алу скринингі енгізілуде. Медициналық тексеруден өтуге ұсынылатын жас мөлшері де 6 жылға ұлғайтылып, 30–70 жастан 30–76 жасқа дейін кеңейтілді.
 
Скринингтердің арқасында Ұлттық госпиталь дәрігерлері өткен жылы артериялық гипертензияның 99 жағдайын, жүректің ишемиялық ауруының 17 жағдайын, қант диабетінің 16 жағдайын, 25 онкологиялық ауруды және 67 цереброваскулярлық ауруды анықтады. Бұл пациенттердің профилактикалық тексеру арқылы дер кезінде ем қабылдап, ауыр аурулардың алдын алуына мүмкіндік береді.
 
Денсаулық – ортақ жауапкершілік. Мемлекет жалақыны сақтай отырып медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік берсе, оны тиімді пайдаланған жөн. Толық ақпаратты өзіңіздің учаскелік терапевтіңізден ала аласыз.
Новшества в скринингах в Казахстане

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время