НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ұлттық госпитальде тәжірибелі мейірбике құрметті демалысқа шығарып салынды

Ұлттық госпиталь ұжымы денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен тәжірибелі мейірбике Шолпан Салибекованы құрметті демалысқа шығарып салды.
 
Медицина саласындағы еңбек жолын 1985 жылы бастап, қырық жылға жуық уақытын адам денсаулығын сақтауға арнады. Осы жылдар ішінде түрлі медициналық ұйымдарда қызмет атқарып, кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және науқастарға деген жанашырлығымен әріптестерінің құрметіне бөленді.
 
Соңғы тоғыз жыл бойы Ұлттық госпитальде қызмет атқарып, медициналық көмектің сапасын арттыруға және емдеу үдерісінің тиімді ұйымдастырылуына өз үлесін қосты. Әріптестері оның сабырлылығын, адамгершілік қасиеттерін, жоғары жауапкершілігін және өз мамандығына деген адалдығын ерекше атап өтеді.
 
Кездесу барысында ұжым мүшелері көпжылдық еңбегін атап өтіп, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ кәсіби тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттері жас мамандарға үлгі болғаны айтылды.
 
Өз кезегінде бірге қызмет атқарған әріптестеріне ризашылығын білдіріп, Ұлттық госпитальде еңбек еткен жылдарының өз өмірінде ерекше орын алатынын атап өтті.
 
Іс-шара соңында ұжым атынан ізгі тілектер айтылып, ұзақ жылғы адал еңбегі үшін алғыс білдірілді. Әріптестері Шолпан Салибековаға зор денсаулық, отбасылық амандық және берекелі зейнет тіледі.
В Национальном госпитале проводили на заслуженный отдых опытную медицинскую сестру

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время