Өлімге әкелетін вирустар тақырыбы қайтадан әлемдегі №1 мәселеге айналды. Бұған дейін белгісіз болған хантавирустан Атлант мұхитындағы круиздік лайнердің бірнеше жолаушысы қайтыс болды. Ал Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан Жамбыл облысында бір ер адам көз жұмды, ол кене шаққаннан кейін ауырған. Осыған байланысты вирусологтар мен инфекционистердің күш біріктіруі аса маңызды.
Ұлттық госпитальға белгілі ғалымдар — АҚШ-тан инфекциялық иммунология және вакцинология саласындағы мақалалардың авторы, биология ғылымдарының докторы Петр Игнатов және Өзбекстаннан эпидемиология саласындағы мақалалардың авторы, медицина ғылымдарының докторы Иброхим Маматқұлов келді.
Олар аурухананың инфекционист дәрігерлерімен кездесіп, бруцеллезді емдеу әдістерін талқылады. Госпиталь бүгінде қандағы арнайы иммундық жасушаларды анықтау үшін қолданылатын ССТ әдісі бойынша ең сапалы талдау жүргізуде.
Дәрігерлер бруцеллезбен, кене шағуымен және сирек кездесетін Лайм вирусымен ауыратын науқастарды тексерді. Олар госпиталь дәрігерлерінің жұмысына жоғары баға берді.


