НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Хирургия №1: Онкохирургия

Хирургия №1: Онкохирургия

   Бөлімше туралы:

   Ұлттық госпитальдің №1 хирургиялық бөлімшесі дәстүрлі және аз инвазивті хирургиялық емдеу әдістерін жүзеге асырады. Бөлімше асқазан-ішек жолы ауруларын, гастроэзофагеалдық рефлюкс ауруын, жарықтарды, өт қабы ауруларының белгілерін емдеуге, сондай-ақ құрсақ қабырғасын реконструкциялауға, алғашқы және қайталама бариатриялық хирургияға ерекше назар аударады.

   Бөлімше асқазан рефлюксін, ішкі жарықтарды (диафрагманың өңеш тесігінің жарығы және т.б.), сондай-ақ өңеш пен асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдарды диагностикалау және емдеу үшін ең заманауи визуализация әдістері мен хирургиялық құралдарды қолданады.

   «Хирургия №1» бөлімшесі қарапайым хирургиялық аурулары бар науқастарға, онкологиялық жағдайларда да заманауи әрі кешенді хирургиялық көмек көрсетеді.

   Ұлттық госпиталь мамандары нақты диагноз қоюға және хирургиялық араласуды тиімді әрі уақтылы жүргізуге мүмкіндік беретін командалық тәсілді басымдық ретінде қолданады. Жыл сайын еліміздің түрлі өңірлерінде жергілікті хирургтердің біліктілігін арттыру мақсатында көшпелі оқыту мастер-кластары мен тренингтер өткізеді.

   Біздің хирургтер Ұлттық госпитальде ота жасалған науқастарға емдеуге қатысатын басқа мамандармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Әрбір науқасқа ағытталған емдеу бағдарламасы ұсынылады.

   Инновациялық қызметтер және арнайы бағдарламалар:

  • Құрсақ қабырғасын лапароскопиялық реконструкциялау. Госпиталь хирургтері аз инвазивті техниканы қолдана отырып, бірегей реконструктивті әдістер мен процедураларды пайдаланады, бұл хирургиялық емдеудің сенімді нәтижелерін қамтамасыз етеді.
  • Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы мен гастроэзофагеалдық рефлюкс кезінде лапароскопиялық ота. Тупэ (Toupet), Ниссен (Nissen), Дор (Dor) әдістері қолданылады.
  • Өт шығару жүйесіне лапароскопиялық тәсілмен ота жасау. Бұл әдіс ашық отаға қарағанда ағзаға аз жарақат келтіреді. Тіндердің минималды жарақаттануына байланысты стационарда болу мерзімі қысқарады.
  • Бариатриялық хирургия. Ұлттық госпиталь хирургтері бариатриялық оталарды 2013 жылдан бері жүргізіп келеді. Бағдарлама мультидисциплинарлық тәсілге негізделген және оның құрамына гастроэнтеролог, эндокринолог, дәрігер-диетолог, психолог, эндоскопист кіреді.

   Семіздікті хирургиялық емдеу келесі ота түрлерін қамтиды:

  • жеңдік гастрэктомия (sleeve gastrectomy);
  • асқазанды шунттау (bypass, mini-bypass).

   Құрал-жабдықтар:

   Бөлімше ең заманауи визуализация әдістері мен хирургиялық құралдарды қолданады.

   Ұлттық госпитальдің операциялық залдары жаңа буындағы диагностикалық және хирургиялық жабдықтармен, оның ішінде заманауи лапароскопиялық хирургиялық платформалармен жабдықталған.

   Бөлімше дәрігерлері:

  • Абзалбек Естай Шайхибекұлы – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты хирург, онколог, медицина ғылымдарының кандидаты;
  • Кенесбаев Ержан Маулитбекұлы – аға дәрігер-хирург;
  • Ахетов Марат Ердаулетұлы – дәрігер-хирург;
  • Ахетов Ернур Құрбанәлиұлы – дәрігер-хирург;
  • Аккалиев Ерлан Нтабекұлы – дәрігер-хирург;
  • Хорошаш Алия Насибулловна – дәрігер-онколог;
  • Исакова Гаухар Бахтанқызы – дәрігер-хирург;
  • Успанова Гульжан Нұртазақызы – дәрігер-хирург.

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время