НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Көлікте босандырдым…

    Гүлбану Нұрболатқызы Шыныбекованың Ұлттық госпитальдің күндізгі стационар бөлімінде мейірбике болып жұмыс істеп жүргеніне бес жылдан асқан. Медицина саласындағы жалпы тәжрибесі 23 жыл.

   Мейірбикенің бойынана табылуы тиіс, ең басты үш қасиетті атап бере аласыз ба?

   -Ең алдымен мейірімділік, жанашырлық қасиеттері басым болуы тиіс. Науқас адам қай жаста болса да, дәрігер мен мейірбикеден жылы сөз күтеді. Олармен дұрыс қарым –қатынас жасап, инабаттылықпен қызмет көрсету біздің міндетіміз. Одан кейін өз ісіңе тиянақтылық және сабырлы болу. Бұл жерде жауапкершілікті де ұмытуға болмайды. Науқастың жағдайын жіті бақылап, ем шараларды уақытында жасап, дәрілерін беру –бұлжымас қағида. Жағдайы ауыр, ал кейде мінездері әр түрлі адамдармен жұмыс істегенде барынша сабырлы болу маңызды. Осындай басты қасиеттер бойымыздан табылып жатса сырқат адаммен бірге барлық ауруды жеңуге болады

   Қызмет барысында түрлі жағдайлар болады.  Қандай оқиға есте қалды?

   -Жұмыс барысында күтпеген оқиғалар кездеседі. Бірде   Кеген ауданына сапарға шықтық.  Жолда Көкпек деген кішкентай ауыл бар екен сол жерден өтіп бара жатқанымызда жол бойында бір ер адам тоқтатты. Қатты абыржып тұрғанын байқадық. Машинада отырған келіншектің толғағы қысып, босануға жақын қалыпты. Жедел жәрдем шақырайын десем, таулы аймақ болған соң ұялы байланыс дұрыс ұстамай қалған. Көкпектегі дүкеннен жіп, кіндік кесетін пышақ және қолымды жууға арақ алып келіп, келіншекті көлікте босандырдым. Бала да, ана да аман. Нәрестенің жолдасын орап, қолдарына бердім. Ол кісілерді Шелек ауылындағы ауруханаға бағыттап, өзіміз ары қарай кеттік. Солай ойда жоқта кіндік шеше атандым. Кейде осындай жағдайлар болып тұрады.

    Осы мамандықты таңдағаныңызға өкінген сәттеріңіз болды ма?

   -Жоқ, ешқашан өкінген жоқпын. Керісінше қаншама жандардың алғысын алып жүрмін. Рақымет айтып, ізгі ниеттерін білдіріп жатқанда қуанып, төбем көкке жеткендей болады.

   Медицина маманы үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. Осы жайлы пікіріңізді білсек…

   -Әрине, заман көшінен қалмау үшін үнемі іздену керек. Жасым қазір 45 ке келді.  Бакалаврды оқуға енді мүмкіндік туып, білім алып жатырмын. Жұмыс барысында жанымдағы дәрігерлер мен басқа да әріптестерімнен көргенім, үйренгенім де аз емес. Ол кісілерге алғыс айтамын.

Родила в машине

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время