НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Қазақстанда кенелердің белсенділік маусымы басталды

   Ол шілде айының басына дейін жалғасады. Жалпы жұқтырған кенелердің үлесі шамамен 5% болғанымен, Қазақстан эндемиялық аймаққа жатады, мұнда бұл көрсеткіш 20%-ға дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, өңірімізде кенелердің анағұрлым агрессивті түрі  Қиыр Шығыс кенесі де кездеседі.

   Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы кене шағуына байланысты медициналық көмекке 16 мыңнан астам адам жүгінген, олардың 12 мыңнан астамы, яғни шамамен 40%-ы балалар. 2026 жылы бұл көрсеткіш 478 адамды құрады, олардың шамамен 49% балалар. Қазақстанда кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақтарға Алматы қаласы және оның маңайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.

   «Кенелер сәуір айында ең белсенді болады, өйткені олар қыстан кейін оянып, қорек көзін белсенді түрде іздей бастайды. Алайда қауіпті кезең шілде айына дейін сақталады», – деп атап өтті Ұлттық госпитальдің дәрігер-инфекционисі Сауле Шагманова. Оның айтуынша, тау және тау бөктеріндегі аймақтарға, дала және шөлейт жерлерге барған кезде ерекше сақтық қажет. Сондықтан осы аймақтарда тұратын және жұмыс істейтін адамдарға екпе салынады. Бірақ оны алдын алу мақсатында ақпан айында, белсенділік басталғанға дейін жасау қажет.

   Кене шаққан жағдайда не істеу керек:

   – кенені пинцетпен абайлап, жаншымай алып тастау;

   – шағылған жерді антисептикпен өңдеу;

   – мүмкіндігінше кәсіби көмек алу үшін жарақат пунктіне  жүгіну;

   – кенені зертханалық тексеру үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызметке тапсыру.

   Ықтимал инфекцияларды анықтау заманауи зертханалық әдістер арқылы жүргізіледі: полимеразды тізбекті реакция (ПТР), иммуноферменттік талдау (ИФА, антиденелерді анықтау), сондай-ақ иммуноглобулиндер G және M (IgG, IgM) деңгейін анықтауға арналған қан талдаулары. Тексеруден кене шаққаннан кейін 5–7 күн өткен соң өту ұсынылады, өйткені осы уақытта ағзада иммундық жауап қалыптасады.

   Кене арқылы жұғатын инфекциялардың алғашқы белгілері әдеттегі вирустық инфекцияға ұқсас болуы мүмкін: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік. Асқынған жағдайда емдеу невролог дәрігерлердің қатысуымен жүргізіледі.

   Медицина қызметкерлері қазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады: қорғаныш киімін кию, репелленттерді қолдану, табиғатта болғаннан кейін денені мұқият тексеру және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Энцефалит сирек кездесетін ауру болғанымен, өте қауіпті, орталық жүйке жүйесін зақымдап, сал ауруына алып келуі мүмкін.

Осторожно грипп рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время