НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Назар салыңыздар! Кене энцефалиті

   Көктем – табиғат аясында демалатын  уақыт.  Дегенмен, бұл маусымда кенелер пайда болып, олардан  денсаулыққа қауіп төнетін кезең. Кене энцефалиті – (синонимдері көктемгі-жазғы энцефалит, тайга энцефалиті, Қиыр Шығыс энцефалиті және кене энцефаломиелиті) өте қауіпті табиғи – ошақтық вирусты дерт.  Бұл аурудан  орталық жүйке жүйесі зақымданып, соңы  мүгедектікке апарады.  Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары кене энцефалитінің басым аймақтары.  Алматы қаласы  мен Алматы облысында кене шағу жағдайларының шамамен 32%-ы, ал Шығыс Қазақстан облысында 41%-ға дейін жеткен.  Статистикаға жүгінсек  2025 жылы Қазақстанда 1300-ден аса адам  алғашқы алты айда  кене шағудан кейін медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелген.  Бұл жағдай  көктем мен жазда, сондай-ақ тамыз және қазан айларында кенелердің ең жоғары белсенділігіне байланысты тіркеледі. Ал кене шағудың өршитін кезеңі –  сәуір мен маусым айларында. Кенелердің шабуылы табиғатты тамашалау кезінде, мал жаюда, бақшаларда және  омарталарда жұмыс істегенде  болады. Бұл ауруды тіпті орманға бармай-ақ жұқтыруға болады – кенелер жануарлардың денесінде немесе гүл шоқтары, жаңа шабылған шөптермен үйге әкелінгенде.               Кене энцефалиті барлық жастағы адамдарда кездеседі.  Бірақ 50-60 жастан асқан адамдарда және балаларда ауырлау өтеді. Кене энцефалитінің ауыр түрлерінен болатын өлім көрсеткіші 1%-ға жетеді.

Кене энцефалиті қалай жұғады?

   Аурудың тасымалдаушылары – ауруды жұқтырған иксод кенелер, олардың сілекейінде вирус бар. Шаққан кезде вирус адам ағзасына еніп, көбейіп, ауруды тудырады. Бұл трансмиссивті жол деп аталады. Одан басқа жұқтыру жол – микрожарығы немесе зақымдануы бар терідегі кенені сығу кезінде вирус байланыс жолымен берілуі мүмкін. Тағы бір жұқтыру жолы – алиментарлық (тағамдық) жол. Бұл ауру жануарлардан – ешкiлерден немесе сиырлардан, шикi сүттi немесе сүт өнімдерді пайдаланған кезде болады. Кене энцефалитімен ауыратын адам басқаларға жұқпалы емес.

Клиникалық көріністері

   Инкубациялық кезең орта есеппен 7-ден 14 күнге дейін, кейде 20-дан 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда  ауру жедел басталып, қалтырау,  бастың қатты  ауруы, дене  қызуы 38-39°С-қа дейін күрт көтеріліп, қатты әлсіздікпен  байқалады. Мойын мен қолдардың бұлшықет ауырғаны да жиі кездеседі. Осы кезде адам кененің шағуы жайлы ұмытып,  жай ғана суық тию деп ойлап, уақытты жоғалтып жүру мүмкін. Ауыр жағдайларда бас миының қабықшасының қабынуы (менингит), бас миының қабынуы (энцефалит) немесе жұлынның қабынуы (миелит) өршиді. Ол кезде бас ауруы күшейіп, дене қызуы күрт көтеріліп, құсу  қосылады. Тері қызарып, көздің ақ бөлігінде жарылған қан тамырлары көрінеді.  Қол мен аяқтың жансыздануы, ұйқышылдық, сөйлеудің бұзылуы, жұтынудың қиындауы, жүйке жүйесінің зақымдануының белгілер дамиды.

Кене энцефалиті туралы нені  білу маңызды?

   Кене энцефалитінің арнайы емі жоқ! Науқаста жоғары дене қызуы және орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері (менингит немесе энцефалит) пайда  болса оны дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек. Кене энцефалиті амбулаториялық жағдайда емделмейді.  Уақытылы емдеуге жатқызу және диагнозды растау кезінде дәрігерлер кене энцефалитіне қарсы титрленген гамма-глобулинді тағайындайды. 13-24 сағаттан кейін науқастың жағдайы айтарлықтай жақсаруы мүмкін.

Кене энцефалитінің алдын алудың жеке шаралары.

   Алдын алу шараларының бірі – табиғатта кенелерден қорғану. Кене көру үшін киімді ашық түспен таңдаған дұрыс. Көйлегіңіздің жағасын және жеңіңізді түймелеп, көйлегіңізді шалбарыңызға, балағыңызды аяқ киімнің немесе шұлықтың ішіне салыңыз.  Құлақ пен бас терісін қорғау үшін  бас киім киіп немесе  орамал  байлаңыз. Кенелерді дер кезінде анықтау және олар жабыспау  үшін өзіңізді және өзгелерді 2-3 сағат сайын немесе одан да жиірек тексеріп тұрыңыз. Сондай-ақ репелленттерді киімге және дененің ашық жерлеріне әр 2-3 сағат сайын жағу қажет. Бұл— кенелерді жоюдың өте тиімді әдісі. Демалатын орынды  кене белсенділігі төмен болған кезде сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін таңдаған дұрыс. Шатырдың айналасын  сынған ағаштан, шөптен және жапырақтардан мұқият тазарту керек, өйткені бұл жерде кенелер көп болады. Барлық заттарды тексеру керек – шатыр, сөмкелер, рюкзактар және т.б. Егер өзіңізбен бірге жануарларды алып жүрсеңіз, оларды да мұқият тексеру керек.

Егер денеде сорылған кене табылса не істеу керек?

   Егер  жабысып қалған кене табылса, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгіну қажет. Оны өз бетіңізше алып тастау ұсынылмайды, өйткені дұрыс алмаған жағдайда кенені езіп, жұқтыру қаупін арттыруыңыз мүмкін. Егер бұл мүмкін болмаса кенені кетіру үшін оған өсімдік майын жақсылап жағыңыз, бұл оның тыныс алу тесіктерін жабады.  Сосын оның тұмсығына жіп ілмегін байлап,   ақырын тартып шығарыңыз. Тістеген жерді йодпен, спиртпен немесе құрамында спирті бар кез келген өніммен майлап, қолды сабынмен жуу керек. Алынған кенені зертханаға тапсыру қажет. Кене шаққаннан кейін мүмкіндігінше тезірек, 72 сағаттан кешіктірмей, дәрігерге қаралу керек.

Кене энцефалиттен ең сенімді қорғаныс – екпе салу. 

   Медицина мамандары екпелерді төтенше жағдайға және күнделікті кестеге сәйкес жүргізеді.

  • Шұғыл профилактика кене шаққаннан кейін алғашқы 96 сағат (4 күн) ішінде адамның спецификалық иммуноглобулинін енгізу арқылы жүргізіледі.  Кене энцефалитіне қарсы екпе алмаған немесе толық екпе алмаған және қауіпті аймақтарда кене шаққан адамдарға бір реттік дозада енгізіледі. Сондай ақ,  вакцина алған бірақ бірнеше рет кене шаққан  адамдарға да шұғыл екпе  салынады.  Оның  қорғаныс әсері 24-48 сағат ішінде басталады және шамамен төрт аптаға созылады. Осы кезеңнен кейін инфекция қаупі бар болса, иммуноглобулинді қайталап енгізу керек. Кенелердің белсенділігі кезеңінде – көктемде және жазда эндемиялық ошақтарға келетін вакцина салмаған адамдар үшін де шұғыл схема көзделген. Профилактиканың бұл схемасы 14 күн аралығымен екі инъекцияны қамтиды, иммунитет 2-3 аптадан кейін дамиды,  9-12 айдан кейін оларға үшінші егуді салдыру қажет.
  • Жоспарлы профилактикалық әдіс. Негізгі схема бойынша спецификалық вакцинопрофилактика эндемиялық аудандарда тұратын барлық адамдарға ұсынылады. Сондай-ақ кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумаққа саяхат немесе жұмыс мақсатында баратын адамдар алдын ала егілуі тиіс.Егу белсенділігі жойылған вакцинамен үш кезеңде жасалады:·      бірінші вакцинация күзде жүргізіледі: қазан, қараша айларында;·      екіншісі- көктемде: наурыз, сәуір айларында;·      үшінші ревакцинация иммунитетті қолдау үшін 1 жылдан кейін бір рет салынады, содан кейін – әрбір 3 жыл сайын жүргізіледі.Бірақ, есте сақтау керек, егуді жазға дейін бастау керек, соңғы егу саяжай маусымы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жасалуы тиіс. Иммунитет вакцинациядан кейін 2 аптадан соң қалыптасады. 

   Қорытынды: Кене энцефалиті – бұл иксод кенелерімен жұғатын орталық жүйке жүйені (бас және жұлын) зақымдайтын қауіпті вирустық инфекция. Ауру жоғары интоксикация, талмалар, сал аурулар тудырады және мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін.

Басты қорғаныс – бұл ерекше вакцинация!

   Клышева Марина Азатовна эпидемиолог дәрігер

 

Внимание! Клещевой вирусный энцефалит 1

This will close in 15 seconds

string(126) "background-color: transparent; color: transparent; height: auto; width: 65px;width: 50px;opacity: 0.7;right:28px;bottom:100px;"

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время