11 ақпанда Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы әйелдердің ғылым мен технологияны дамытуға қосқан үлесін мойындау ретінде жариялаған күн атап өтіледі.
Бүгін біз медицина мен гуманитарлық ғылымдардың түрлі салаларында ғылыми зерттеулерді дамытып жүрген әріптестерімізді мақтанышпен таныстырамыз.
🔹 Құсымжанова Жанара – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-кардиолог, директордың ғылым, білім және ҚМҰ жөніндегі кеңесшісі; ғылыми зерттеулер саласы – кардиология; 30-дан астам ғылыми жарияланымдар.
🔹 Исаева Әсия – Инновациялар және білім беру орталығының басшысы, MSc (UK), PhD-докторант; ғылыми зерттеулер саласы – инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы; 52 жарияланым, оның ішінде 10 – Scopus базасында, Хирша индексі – 4.
🔹 Алиева Шолпан – жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, PhD-докторант; ғылыми зерттеулер саласы – гинекология; 30-дан астам жарияланымдар, 6 – Scopus-та, Хирш индексі – 2.
🔹 Жузенова Мақпал – жоғары санатты эндокринолог, PhD; ғылыми зерттеулер саласы – эндокринология; 45 жарияланым, 1 – Scopus, халықаралық басылымдарда – 11.
🔹 Смайылова Флюра – СӨС дәрігері; ғылыми зерттеулер саласы – терапия; 40-тан астам жарияланымдар.
🔹 Исакова Гаухар – жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігер; ғылыми зерттеулер саласында – гастроэнтерология, онкология, терапия; 40-қа жуық жарияланым, оның ішінде 3-еуі – Scopus базасында.
🔹 Өтен Айгүл – филология ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман; ғылыми зерттеулер саласы – филология; 30-ға жуық жарияланым.
🔹 Құрманбекова Мәншүк – психолог, PhD; ғылыми зерттеулер саласы – психология; 21 жарияланым, 5 – Scopus, Хирша индексі – 2.
🔹 Тәңірбергенова Ақмарал – сарапшы-дәрігер, PhD; ғылыми зерттеулер саласында – эндокринология және қоғамдық денсаулық сақтау; 13-тен астам жарияланымдар, 3 – Scopus-та, Хирш индексі – 1.
Біз кәсіби, зиялы, мақсатты және шабыттандыратын әйелдерімізді мақтан тұтамыз. Олардың зерттеулері ғылыми мәдениетті және денсаулық сақтау саласының болашағын қалыптастырады.


