НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Дәрігер болсам педиатрия саласын таңдар едім

   – Негізі, мен студент кезімнен осы Ұлттық госпитальде жұмыс істеуді армандаған болатынмын. Бірақ бұл жерге тәжірибе жинап келу керектігін түсінген соң, басқа ауруханада қызметке орыналастым. Бірақ 3 жыл бойы үнемі өтінішпен келіп жүрдім, бірде бас мейірбикеге осында жұмыс істеу басты мақсатым екенін айттым. Осылайша 2017 жылы кардиология бөлімшесіне емшара мейірбикесі болып жұмысқа қабылдандым – дейді Ұлттық госпитальдің кардиоваскулярлы бөлімше мейірбикесі қызметін атқаратын Әсел Төлешова. Ақпан айында Оңтүстік Корея елінде біліктілікті жетілдіру үшін медицина қызметкерлерін іріктеп жатқаны туралы хабарландыруды көріп, жолдасының қолдауымен құжаттарын тапсырған. Осылайша Алматы қаласынан 4 дәрігер, 2 мейірбике Корея еліне Хэндэ ауруханасына операциялық блокқа оқуға аттанған. Біздің мамандар 16-cәуір мен аралығында білім алып, тәжірибе жинап қайтты.

   Әсел Кореяда білім алу барысында байқаған ерекшеліктер жайлы пікірін былайша білдірді: Ол жақтағы басты ерекшелік – жоғары технология мен заманауи медициналық құрал-жабдықтардың кең қолданылуы. Әрбір операция мен ем шарада халықаралық қауіпсіздік стандарттары қатаң сақталады. Сонымен қатар науқасқа көмек көрсету тек дәрігердің ғана емес, бүкіл команданың бірлескен жұмысына негізделген.

   Шет елде білім алып, қанаттанып қайтқан Ә. Төлешқызы қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚҰУ де мейірбике ісі мамандығы бойынша 2-курс студенті. Сонымен қатар бір жасқа дейінгі балаларға массаж жасауды меңгерген.

   – Массаж жасауды студент кезімде қызығып, өзім үшін оқыған болатынмын, содан бері жұмысыммен қатар алып келемін. Болашақта дәрігер болсам педиатрия саласын таңдайтын едім –дейді Әсел Төлешова.

Если бы я был врачом, я бы выбрал педиатрию рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время