Жүрек-қан тамырларының аурулары дүниежүзіндегі өлім-жітім жағдайының басты себебі болып табылады. ЖҚА-дан қайтыс болу барлық өлім-жітім жағдайларынан 31%-ды құрайды. Бұл өлім-жітім жағдайының 85%-ы жүрек ұстамасы мен инсульттің салдарынан болады.
Мүлдем білінбей өтетін көптеген жүрек-қан тамырлары аурулары бар.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының орташа және жоғары қаупі бар немесе жекелеген қауіп-қатер факторлары: диабет, гипертония және гиперхолестеринемия сияқты аурулары бар тұлғаларда алғашқы миокард инфаркті және инсульттің болуының алдын алу үшін біздің мамандарға жүгінуді ұсынамыз.
Ұлттық госпитальнің интервенциялық кардиология бөлімшесі JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, жыбырлақ аритмияны, пароксизмальды тахикардияны және экстрасистолияны емдеуге көмектеседі.
Түрлі КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі.
Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.
Пациенттер бес жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады.
Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.
Стационарға емдеуге жатқызу екі бағыт бойынша: ақылы негізде және портал бойынша (хирургиялық емдеуге арналған «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) іске асырылады.
Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан және оқудан өтті.
Серіктестік келісімдердің нәтижесінде біз әрқашан шетелдік әріптестерден, әлемдік клиникалардың кардиология мамандарынан консультация ала аламыз.
Біз диагностика мен емдеудің заманауи және аз инвазивті әдістерін көрсетеміз:
- Селективті коронароангиография;
- Коронарлық артерияларды стенттеу;
- Вентрикулография;
- Шунтография;
- Аортография;
- Жүрек қуысын катетерлеу;
- 1 камералы электрокардиостимуляторды импланттау;
- 2 камералы электрокардиостимуляторды импланттау;
- 3 камералы электрокардиостимуляторды импланттау (қайта синхрондалатын);
- Кардиовертер-дефибрилляторларды импланттау (КДИ);
- Уақытша кардиостимулятор орнату;
- Бүйрек тамырларының ангиографиясы және оларды стенттеу (тамырлық-бүйректік гипертензия);
- Ангиография, баллонды ангиопластика, аяқ тамырларын стенттеу;
- Стенттеуі бар мойын тамырларының ангиографиясы;
- Жатыр артерияларын эмболиялау;
- Простата артериясын эмболиялау;
- Ұзақ қолданылатын көктамыр катетерлерін орнату (гемодиализ, химиотерапия, ұзақ уақыт бойғы антибактериальды терапияға арналған);
- Кеуде және құрсақ аортасының аневризмаларын эндоваскулярлық емдеу (стент-графт орнату).
«Тамырдың сау болуы – ұзақ өмір сүру кепілі»