НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

2 соматика бөлімшесі

Соматическое отделение

   Соматикалық аурулар себептерінің бірі көптеген ауруларға алып келетін ағзаның күйзеліс жағдайларына реакциясы болып табылады, бұл жерде білікті көмек керек. Біз мынадай ауруларды емдейміз:

  • Гипертониялық ауру;
  • ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы);
  • Дисциркуляторлық энцефалопатия;
  • Обструктивті бронхит, созылмалы бронхит, бронхиалды астма;
  • Алмасу аурулары (семіздік, стеатоз, гепатоз, қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және т.б.);
  • Радикулит және остеохондроздың басқа да білінуі;
  • Инфаркттен және инсульттен кейінгі кезеңдегі оңалту;
  • Ұйқы безінің аурулары және басқалары.

   JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттеріміздің қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Сіздерге Еуропа профессорларымен телеконсультация мүмкіндігі ұсынылады.

Диагностика және емдеу әдістері (УДЗ, функционалдық диагностика, КТ және МРТ) Швейцария, Израиль, Жапон, Неміс, Америка және Кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

   Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

   Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

   Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

   Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі  үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен.

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время