Ұлттық госпитальдің клиникалық-диагностикалық зертханасы Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы ірі көп бейінді зертханалардың бірі болып табылады.
Зертхана аккредитациямен расталған халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жұмыс істейді:
JCI (Joint Commission International);
ҚР СТ ISO 15189-2023.
Он жылдан астам уақыт бойы зертхана зертханалық диагностиканың түрлі бағыттары бойынша сапаны сыртқы бағалаудың халықаралық бағдарламаларына (EQAS) және СВСОК үздіксіз қатысады.
Жыл сайынғы зерттеу көлемі 1 600 000 зертханалық тесттен асады, бұл пациенттер мен клиницистердің жоғары сенімін растайды.
Технологиялық жарақтандыру
Зертхананың технологиялық паркі әлемнің жетекші өндірушілерінің алдыңғы қатарлы автоматтандырылған талдағыштарымен жабдықталған, бұл жоғары дәлдікті, нәтижелердің қайталануын және зерттеулерді орындау мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етеді.
Жұмыста мыналар пайдаланылады:
Cobas Pro (Roche Diagnostics) – жоғары ағынды биохимиялық және иммунохимиялық зерттеулерді орындауға арналған модульдік жүйе.
Sysmex XN-Series – сарапшылық деңгейдегі заманауи гематологиялық анализатор.
Beckman Coulter IRIS – зәрді талдаудың автоматтандырылған жүйесі.
Beckman Coulter AU480 – жоғары өнімді биохимиялық талдағыш.
Автоматтандырылған платформаларды пайдалану:
адам факторының әсерін барынша азайту;
зерттеулердің толық қадағалануын қамтамасыз ету;
халықаралық сапа стандарттарын сақтау;
нәтижелердің тұрақтылығы мен талдамалық дәлдігіне кепілдік беру.
Зертханалық диагностиканың бағыттары
Зертханада зерттеулердің мынадай түрлері орындалады: