Біз өзіміздің қартайған ата-анамызды жақсы көреміз және оларға жақсылық тілейміз. Мынадай жағдайларда олардың денсаулығын ерекше қадағалап, қамқорлық білдіруіміз қажет:
қан қысымының ауытқуы;
жүрек-қан тамыры жүйесінің патологиясы;
артериялық гипертензия;
бронх-өкпе аурулары.
Аға буынға махаббат пен қамқорлық көрсетіп, олардың белсенді ұзақ өмір сүруін ұзарта отырып, Ұлттық ауруханасы 2-терапия бөлімшесінің дәрігерлері JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Сіздерге Еуропа профессорларымен телеконсультация мүмкіндігі ұсынылады. Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.
Зерттеулер мен диагностика талдау нәтижелерінің сенімділігі мен жылдамдығы бойынша көшбасшы болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның ең ірі көпсалалы зертханасында орындалады.
Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).
Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға жеке емдеу тәсілдері қолданылады.
Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен.
«Ата-аналарыңызға қамқор болыңыздар – өмірлері ұзақ болсын! Себебі ата-анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды!».
Copy - Demo Title
This will close in 15 seconds
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время