Остеопороз сүйек тінінің тығыздығы төмендеп, сыну қаупі артатын созылмалы ауру. Мамандардың айтуынша, аурудың басты қауіптілігі ерте кезеңдерінде ешқандай белгі бермей өтуі және көбіне ауыр жарақаттардан кейін ғана анықталуы.
Ең жиі кездесетін асқынуларға егде жастағы науқастарда сан сүйегінің мойын бөлігінің сынуы, сондай-ақ өмір сапасын едәуір төмендететін омыртқаның компрессиялық сынулары жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, қауіп тобына 50 жастан асқан адамдар, әсіресе менопауза кезеңінен кейінгі әйелдер кіреді. Сонымен қатар, дәрігерлер ерлер мен жас адамдар арасында да ауру жағдайларының көбейіп жатқанын атап өтеді бұл D дәрумені мен кальцийдің жетіспеушілігі, гормоналдық бұзылыстар және қимыл-қозғалысы аз өмір салтымен байланысты.
Сарапшылар остеопороздың «жасарып» бара жатқанын айтады. Қазіргі өмір салты, отырып жұмыс істеу, гаджеттерді белсенді пайдалану, теңгерімсіз тамақтану және кальцийдің ағзадан шайылуына ықпал ететін энергетикалық сусындарды тұтыну аурудың, оның ішінде жасөспірімдер арасында да, даму қаупін арттырады.
Остеопорозды ерте анықтау үшін сүйек тінінің тығыздығын бағалап, ауруды бастапқы кезеңдерінде диагностикалауға мүмкіндік беретін денситометрия қолданылады. Дәрігерлер алдын алу шараларына теңгерімді тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, таза ауада серуендеу, зиянды әдеттерден бас тарту және D дәрумені деңгейін бақылау кіретінін атап өтеді.
Ауру ауыр түрде өткен жағдайда, остеопороз буындардың бұзылуына әкелсе, хирургиялық ем қажет болуы мүмкін. Ұлттық госпитальда тізе және иық буындарының зақымдануларында артроскопиялық операциялар жасалады, сондай-ақ түтікті сүйектердің сынуларында остеосинтез жүргізіледі. Медициналық мекемеде жыл сайын осындай шамамен 200 ота жасалады.
Ұлттық госпиталь Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген науқастарды медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында да, ақылы негізде де қабылдайды. Қабылдауға онлайн түрде немесе Алматы қаласындағы 338-43-10 нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласып жазылуға болады.
Дәрігерлер медициналық көмекке уақтылы жүгіну емнің тиімділігін арттырып, қалпына келу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтеді.


