🌟 4 500-ден астам операция, 133 000 консультация өткізілді;
🌟 3 500-ден астам отандық және шетелдік медициналық турист тартылды;
🌟 Стационарда 10 000 пациент емделді;
🌟 Жедел жәрдемнің 3 500-ден астам шақыртуына қызмет көрсетілді;
🌟 37 инновация енгізілді;
🌟 170-тен астам жаңа маман жұмысқа қабылданды;
🌟 1 400 000 зертханалық талдау жүргізілді;
🌟 Сәулелік диагностика бойынша шамамен 35 000 зерттеу орындалды;
🌟 83 000-нан астам ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді.
🌟 Қазақстанда алғаш рет 2 инновациялық технология енгізілді:
🌟тотальды гастрэктомиядан кейін жіңішке ішек резервуарын қалыптастыру;
🌟алдыңғы құрсақ қабырғасын тіліксіз, протективті илеостомамен тік ішектің тотальды аз инвазивті төмен алдыңғы резекциясы;
🌟 5 маман жетекші шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өтті;
🌟 10 маман PNF Халықаралық қауымдастығының халықаралық сертификатталған PNF курсынан өтті;
🌟 Ұлттық госпиталь дәрігерлері Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 12 ғылыми мақала жариялады;
🌟 Бірқатар халықаралық конференциялар өткізілді:
🌟«Мейіргер ісін дамытудың перспективалары: инновациялар, білім беру және практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция,
🌟«ІІ Ұлттық геронтологиялық конференция»,
🌟«Sovmin Forum 2025»,
🌟Жас ғалымдардың ІІІ республикалық конференциясы,
🌟Х-Халықаралық дискуссиялық нейрокурс,
🌟Румынияда өткен «European Society of Paediatric Infectious Diseases Meeting» халықаралық конференциясы.
🌟 Қазақстан медицинасы тарихында алғаш рет Ұлттық госпитальдің рентгенэндоваскулярлық хирургі Мыңжылқы Бердіқожаев Парижде өткен беделді LINNC (Live Interventional Neuroradiology & Neurosurgery Course) халықаралық конференциясы аясында хирургиялық араласулар бойынша тікелей эфирде онлайн мастер-класс өткізді.
🌟 Бұдан бөлек, республикалық БАҚ біз туралы 120 рет материал жариялап, сюжет түсірді;
🌟 Әлеуметтік желідегі парақшаларымызды 2,6 млн адам көрді – бұл алдыңғы көрсеткіштен 5 есе көп;
🌟 2 500 жаңа жазылушы қосылды;
🌟 Ең көп қаралған жазба – мейіргерлік қызмет жетекшісі Анастасия Зоринаның медицина қызметкерлерінің эмоциялық күйзеліске ұшырауы туралы ақпараты болды, сондай-ақ нейрохирургтер де жоғары белсенділік көрсетті.


