НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Перефериялық нервтердің УДЗ

   Біздің госпитальда аяқ-қолдың перифериялық нервтеріне ультрадыбыстық диагностика жүргізіле бастады. Рәсім жүйке діңінің жай-күйін объективті бағалауға, импульстердің қалыпты өткізгіштігіне кедергі келтіретін патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Перифериялық нерв жүйесінің патологиялары ересектер мен балаларда диагностикаланатын барлық аурулардың шамамен 50% -ын құрайды.

   Зерттеу мынадай схема бойынша жүргізіледі:

   ✅️ жүйке діңін бағалау;

   ✅️ зақымдану ошағын анықтау;

   ✅️ оның ұзақтығын және нақты орналасуын айқындау;

   ✅️ қоршаған тіндерді визуалды бағалау;

   ✅️ аурудың бастапқы сатысында патологиялық өзгерістерді анықтау.

   Бұл аса дәл зерттеу МРТ бағасынан әлдеқайда төмен, ол мүлдем ауыртпалықсыз, иондаушы әсер етпейді, қарсы көрсетілімдері жоқ және пациенттің арнайы дайындығын талап етпейді. Бұл ретте нерв ұштары әртүрлі ракурста және барлық ұзақтықта зерттеледі.

   Мұндай зерттеу кімге ұсынылады?

   Ортопедиялық және хирургиялық араласуларды қоса алғанда, аяқ-қолдардың сүйектері мен жұмсақ тіндерінің жарақаттары кезінде;

   ✅️ нервтерді зақымдаған кезде;

   ✅️ жүйке жарақатынан кейін жүргізілген терапияның нәтижелілігі болмаған кезде;

   ✅️ перифериялық нервтердің көптеген зақымданулары кезінде;

   ✅️ ауырсыну синдромымен және олардың функцияларының төмендеуімен қоса жүретін перифериялық нервтердің қысылуынан немесе қан айналымының бұзылуынан туындаған аурулар кезінде;

   ✅️ нерв діңдерінің онкологиясына күдік туғанда;

   ✅️ сезімтал немесе қозғалыс бұзылулары, белгіленбеген этиологиядағы бұлшық ет гипотрофиясы кезінде;

   ✅️ остеоартроз, теоносининиит, даибетикалық нейропатия, асқынған артрит.

УЗИ переферических нервов

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время