НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Созылмалы бүйрек ауруы

   Бүйректің созымалы ауруы – бүйректің өзінің манызды функцияларын орындау қаблетінің баяу түрде (бірнеше айдан бірнеше жылға дейін) нашарлауы. Ең маңызды ағзалардың бірі – бүйректің қызметі және оның созылмалу ауруы жайлы Ұлттық госпитальдің нефролог дәрігері Динара Русланқызы Дисюповадан сұраған едік.

   – Бүйректің негізгі рөлі ағзадағы сұйықтықтар мен тұздардың қалыпты тепе-теңдігін сақтау және улы ақуыз қалдықтарын (азот қалдықтары) және басқа метаболикалық қалдықтарды несеп арқылы организмнен шығару болып табылады. Олар сондай-ақ қан қысымын реттеуге және кейбір микроэлементтерді (калий, натрий, кальций), сондай-ақ D витаминің алмасуына көмектеседі.

   Бүйрек қызметі төмендеген сайын ағза қанды толық тазарта алмайды, бұл токсиндердің жиналуына және асқынуларға әкеледі. ҚҚСД ерте кезеңдерінде симптомдар әдетте байқалмайды. Ауру бүйрек қызметі айтарлықтай төмендеген кезде көрінеді.

   Нефролог Динара Русланқызы ҚҚСД бар науқастар үшін диетаның аса маңызды екенін айтады. Дұрыс тамақтану бүйрекке жүктемені азайтуға, сұйықтық пен электролит балансын сақтауға, улы метаболизм өнімдерін азайтуға және әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі.

   ҚҚСД үшін диета жеке түрде және аурудың сатысына байланысты тағайындалады. Диета нәрлі, әрі емдік болуы қажет.

   Бүйректің барлық созылмалы аурулары үшін диетадан басқа, дәрігердің ұсыныстарын мұқият орындау керек. ҚҚСД кезінде тұрақты зертханалық зерттеулер жасау (СКФ, креатинин және несеп протеині) өте маңызды.

   Қандағы қант пен холестерин деңгейін бақылаңыз, қан қысымын және салмағыңызды қадағалаңыз. Жағымсыз әдеттерден бас тартып, аурудың кезеңіне сәйкес қалыпты физикалық жаттығуларды үнемі орындау керек.

Хроническая болезнь почек 2

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время