НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Гайморит жайлы не білеміз?

   Құлақ мұрын, тыныс жолдары ауруларының арасында жиі кездесетіні – гайморит. Гайморит – мұрынның екі жағында орыналасқан гаймор қуысының қабынуы. Бұл жайлы аз кем мағлұматты Ұлттық госпитальдің оториноларинголог дәргері Тана Боранқұлқызынан алған едік.

   – ЛОР патологиясының ішінде гайморит 10-15% орын алады. Бұл негізінен ауа райының салқындығына байланысты. Суық тиюді емдемей, асқынған жағдайда пайда болады. Қазіргі уақытта жастар, әсіресе ер адамдар суық мезгілде шаштарын көшеге шығар алдында жуады. Негізгі себептердің бірі осы десе де болады. Бұл ауру түрі тұқым қуаламайды. Дегенмен, қисық мұрын (мұрын қуысының тарлығы) ата-анадан таза анатомиялық жолмен тұқым қуалайтын болса онда қауіпті. Гаймориттің пайда болуына емделмеген тіс кариесі сияқты факторлар да әсер етуі мүмкін – дейді Тана Боранқұлқызы.

   Сондай-ақ дәрігер аурудың адамдар білуі тиіс негізгі белгілеріне де тоқталды. Мұрынның бітелуі, бас ауруы, кейде тіс аурып, мұрыннан сұйықтық ағуы мүмкін. Асқыну кезеңінде адамның қызуы көтеріледі. Ауру ең алдымен суық тиюден кейін асқынуы мүмкін немесе тіс санитариясы мен оны жұлынғаннан кейін одонтогенді немесе емделмеген жағдайда да туындайды. Оның өршуі гипотермиямен байланысты. Сонымен қатар басқа созылмалы аурулардан иммунитеттің төмендеп кетуі де осындай жағдайға алып келеді. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, синусит жастар арасында жиі кездеседі. Ауру белгісі байқалған жағдайда бірден дәрігерге қаралған жөн – дейді Т.Боранқұлқызы.

Джанысбаева Тана Боранкуловна

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время