НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Көрінбейтін майдан батырларына наградалар

   Конституцияның отыз жылдығына орай Президент Іс басқармасының Медициналық орталығында жүйе қызметкерлеріне бейінді министрліктердің медальдары мен марапаттау белгілері табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында Ұлттық госпитальдің мамандары – бас бухгалтер Әсел Сванқұлова («Қаржы саласының үздігі»), аға заңгер Әлмира Естекова («Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»), бас инженер Ерлан Ибрагимов («Құрметті энергетик»), бағдарламашы Сәуле Ойнарбаева («Үздік цифрландырушы») және т.б реанимобиль жүргізушісі Юрий Ледовских («Үздік автокөлікші»).

   – Мұндай марапаттарды алу өте жақсы, біз жария адамдар емеспіз ғой, – деп бөлісті Юрий Иванович, – Жедел жәрдем көлігін 30 жыл бойы басқарып келемін, осы уақыт ішінде көп нәрсені көрдім. Біз қаланы 2gis-сіз білуі тиіс жедел жүргізушілеріміз, бұрын тас, дүкен, ағаш бағдар бойынша жүрдік, ең бастысы уақытында жету. Сондай-ақ, біз пациенттерді тасымалдауға, алғашқы көмек көрсетуге көмектесеміз. Жолдардағы жүргізушілер ертең саған және сенің жақындарыңа жедел жәрдемнің келе алатынын әрқашан түсінетіндігі қуантады.

Награды героям невидимого фронта рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время