Ата заң – тәуелсіз елдің тұғыры.
Тәуелсіздігіміздің төлқұжаты –Ата заңның тарихы 1993 жылдан басталады. Ал қазіргі Конституция 1995 жылы қабылданған.
Осы уақытқа дейін Ата заңға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Соңғы өзгерту мен толықтырулар 2022 жылы жалпыұлттық референдум арқылы жүзеге асқан еді.
Конституцияның басты құндылығы –адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 30 жылдық тарихы бар Конституция еліміздің өткені мен болашағын байланыстыратын маңызды құжат. Сондықтан 30-тамыз –тек атаулы дата ғана емес, алға сеніммен қарау.
Конституция күні құтты болсын!


