Грузияның атақты аритмологы, кардиологы, Жібек жолы елдерінің жүрек ырғағы қоғамының жетекшісі Роин Реквава Ұлттық госпиталь пациенттерінің жүрегін қайта қалпына келтірді. Екі күн бойы ол аурухана дәрігерлерінің командасымен бірге криоаблация, аритмияның радиожиілік аблациясын, жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеуді және аортокоронарды шунттауды жүргізді. Бұл аз инвазивті жоғары технологиялық операциялар, қансыз және аритмияны жою үшін төс ашусыз. Статистика бойынша әлемде кейде кенеттен өлімге әкеп соғатын бұл бұзушылықтарға халықтың 3-5% зардап шегеді.
– Кейбіреулер бұл синдромды сезінеді, кейбіреулер сезінбейді, ол жүктемеге тәуелді емес жүрек соғысымен көрінеді, сондай-ақ науқастарда тыныс алу, әлсіздік, бас ауыруы және бас айналуы, есінен тану пайда болады, – деп түсіндірді аритмолог. Операцияның өзі миниинвазивті түрде өтеді, біз шап тамырлары арқылы жүрекке түсіп, себебін жоямыз, кейіннен пациентке оңалту және, әрине, денсаулық жағына қарай өмір салтын өзгерту қажет.


